gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Сарыағаш ауданында спорт кешені салынады

1 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Сарыағаш ауданында спорт кешені салынады
Share on FacebookShare on Twitter

Инвестиция тарту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған негізгі міндеттердің бірі. «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды екенін атап өткен болатын. Осы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Сарыағаш ауданында әлеуметтік маңызы зор жобаларды инвестиция тарту арқылы іске асыруға ерекше көңіл бөлінуде. Соның бір көрінісі ретінде аудан әкімі Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округінде спорт кешенін салу мәселесіне байланысты инвесторлармен арнайы кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты – ауыл тұрғындарының, әсіресе жас ұрпақтың спортпен жүйелі түрде айналысуына қолайлы жағдай жасау, бұқаралық спортты дамыту және ауылдық жерлердің әлеуметтік инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеру. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және спорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Жиын барысында «ААА Акылбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері болашақ спорт кешенінің жобалық ұсыныстарын таныстырды. Инвесторлар кешеннің құрылымдық жоспары, заманауи жабдықталуы, спорт залдарының орналасуы, сондай-ақ жобаны жүзеге асыру кезеңдері туралы жан-жақты мәлімет берді. Ұсынылған жоба ауыл тұрғындарының сұранысын ескере отырып әзірленген және бірнеше спорт түрімен айналысуға мүмкіндік беретін көпфункционалды нысан ретінде қарастырылуда.

Мамандардың пікірінше, мұндай кешеннің пайдалануға берілуі ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, аудан көлемінде түрлі спорттық жарыстар мен бұқаралық іс-шараларды өткізуге жол ашады. Сонымен қатар, жаңа нысанның салынуы қосымша жұмыс орындарының ашылуына, кәсіпкерліктің дамуына және өңірдің инвестициялық тартымдылығының артуына оң әсер етеді.

Кездесу барысында аудан әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын инвестициялық жобалардың маңыздылығына тоқталып, жеке инвесторлардың бастамаларына әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ, жобаны іске асыру барысында мемлекеттік органдар тарапынан қажетті ұйымдастырушылық қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Жиын қорытындысында тараптар жобаны одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылап, өзара ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін білдірді. Алдағы уақытта техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер пысықталып, спорт кешенін салу жобасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Previous Post

Президент тапсырмасы: Сарапхана ауылында балаларға арналған ойын-сауық орталығы ашылды

Next Post

Сарыағаштағы ауыз су мәселесі заң аясында шешілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz