gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Сарапхана ауылында балаларға арналған ойын-сауық орталығы ашылды

1 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Сарапхана ауылында балаларға арналған ойын-сауық орталығы ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіз әрі жайлы ортада өсіп-жетілуіне жағдай жасау мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Президент өз сөзінде өскелең ұрпақтың сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін мемлекет пен қоғам бірлесе жұмыс істеуі қажет екенін үнемі атап өтеді. Өйткені, балалардың бақытты балалық шағы – елдің жарқын болашағының кепілі.

Осы игі мақсат аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Сарапхана ауылдық округінде балаларға арналған жаңа ойын-сауық орталығы пайдалануға берілді. Бұл ауыл бүлдіршіндері үшін айтулы мерекелік тартуға айналып, тұрғындардың қуанышын еселей түсті.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысып, ауыл тұрғындары мен балаларды мерекемен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

– Балалар – еліміздің ертеңі, тәуелсіз мемлекетіміздің жарқын болашағы. Олардың бақытты балалық шағы, сапалы білім мен саналы тәрбие алуы – қоғамның басты міндеті. Бүгінгі ашылып отырған ойын-сауық орталығы – осы мақсатқа бағытталған игі істің нақты көрінісі. Мұндай орындар балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына үлкен мүмкіндік береді, – деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, Азизхан Әбдіғаппарұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада өмір сүруіне ерекше назар аударып отырғанын атап өтіп, ауыл бүлдіршіндеріне осындай тамаша тарту жасаған кәсіпкер Қойманов Ғалымжанға алғысын білдірді.

Аудан басшысы бұл бастама өскелең ұрпаққа деген қамқорлықтың, туған жерге деген жанашырлықтың жарқын үлгісі екенін айтып, әлеуметтік маңызы зор жобалардың алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.

Салтанатты шара барысында ауыл ақсақалдары мен тұрғындары да сөз алып, балалар үшін заманауи ойын-сауық орталығын салып берген кәсіпкерге ризашылықтарын жеткізді. Олар мұндай нысандардың ауыл балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың қауіпсіз әрі жайлы ортада демалуына үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жаңа ойын-сауық орталығы балалардың қызығушылығына сай жабдықталып, олардың ойын ойнап, көңіл көтеруіне және түрлі танымдық белсенділіктермен айналысуына жағдай жасайды. Мұндай нысандар бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, құрдастарымен қарым-қатынас жасауына және әлеуметтік ортаға бейімделуіне оң әсер етеді.

Мерекелік шара барысында балаларға арналған түрлі ойындар мен көңілді бағдарламалар ұйымдастырылып, бүлдіршіндер көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мерекелік атмосфераның куәсі болды. Балалар шат-шадыман күйде жаңа ойын-сауық орталығының мүмкіндіктерін пайдаланып, ерекше әсерге бөленді.

Previous Post

Президент тапсырмасы: Сауранда құны 1,1 миллиард теңгелік мал бордақылау кешені салынуда

Next Post

Жолдау жүктеген міндет: Сарыағаш ауданында спорт кешені салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz