gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Сауранда өндірістік аймақ қалыптастыру жұмыстары қолға алынды

5 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Сауранда өндірістік аймақ қалыптастыру жұмыстары қолға алынды
Share on FacebookShare on Twitter

Өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру, халықтың әл-ауқатын жақсарту және жаңа жұмыс орындарын ашу – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрақты назарындағы маңызды міндеттердің бірі. Президент елдің орнықты дамуы өңірлердегі өндіріс көлемінің артуына, кәсіпкерліктің өркендеуіне және инфрақұрылымның жаңаруына тікелей байланысты екенін үнемі атап келеді. Осы бағыттағы жұмыстар Сауран ауданында жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл туралы аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен өткен Иассы ауылдық округі тұрғындарымен есеп беру кездесуінде кеңінен айтылды.

Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланып, алдағы жоспарлар тұрғындар назарына ұсынылды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасқаны белгілі болды. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында аудан бойынша 625 тонна ет өндіріліп, 80 тонна сүт өнімі алынған. Бұл көрсеткіштер аграрлық сектордың тұрақты дамып келе жатқанын және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің жыл сайын артып отырғанын көрсетеді.

Жиында инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бүгінде елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ауыз су жүйелерін кезең-кезеңімен жаңғырту арқылы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау көзделіп отыр.

Сонымен қатар, кездесуде өндіріс саласын дамытуға бағытталған ауқымды жобалар таныстырылды. Аудан экономикасын әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында Еңбекші Дихан ауылында өндірістік аймақ қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бүгінде аталған ауылдағы 8 гектар аумақты қамтитын өндірістік аймақта 22 кәсіпкер құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның ішінде 7 кәсіпорынның құрылысы толық аяқталған. Болашақта бұл өндірістік аймақта жиһаз және құрылыс материалдарын шығаратын 24 кәсіпорын жұмыс істейді деп жоспарлануда. Жоба толық іске қосылған жағдайда 600-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылып, аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады.

Кездесуде талқыланған маңызды жобалардың тағы бірі – Еңбекші Дихан ауылында жүзеге асырылып жатқан «Дәморда» азық-түлік өндірістік кешені. Түркістан–Кентау тас жолы бойында орналасатын кешеннің құрылысы бүгінде басталып кеткен. Жалпы аумағы 6,3 гектарды құрайтын өндірістік алаңда 18 инвестор өз кәсіпорындарын орналастыруды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоба іске қосылғаннан кейін азық-түлік өндірісін дамытуға, өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға елеулі үлес қосады деп күтілуде.

Жиын барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Аудан әкімі барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынатынын айтып, елді мекендердің дамуы мен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Түйіндей келгенде, Сауран ауданында жүзеге асырылып жатқан өндірістік және инфрақұрылымдық жобалар өңір экономикасының дамуына серпін беріп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып отыр.

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Сауранда балмұздақ өндіретін кәсіпорынның құрылысы басталды

Next Post

Түркістанда тұңғыш рет: оқушылар құрастырған «yassat-2026» наноспутнигі аспанға жол тартты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz