gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Сауранда балмұздақ өндіретін кәсіпорынның құрылысы басталды

5 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Сауранда балмұздақ өндіретін кәсіпорынның құрылысы басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту, инвестиция тарту және экспортқа бағытталған өндірістерді көбейту мәселелеріне ерекше мән беріп келеді. Президент тапсырмалары аясында еліміздің өңірлерінде жаңа өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлікті қолдау және халықты тұрақты жұмыспен қамту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Осы міндеттердің нақты көрінісі ретінде Сауран ауданында тағы бір маңызды инвестициялық жобаның іргетасы қаланды.

Сауран ауданына қарасты Иассы ауылдық округінің Еңбекші Диқан елді мекеніндегі «Дәморда» өндірістік алаңында құны 200 миллион теңгені құрайтын балмұздақ өндіретін кәсіпорынның құрылысына арналған қазық қағу рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер және жауапты бөлім басшылары қатысты.

Жиында сөз алған аудан әкімі өндірістік жобаларды жүзеге асыру, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай жобалар жергілікті экономиканың дамуына серпін беріп қана қоймай, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға да ықпал етеді.

Аталған жоба Қазақстандағы және Орталық Азиядағы жетекші балмұздақ және мұздатылған өнім өндірушілерінің бірі саналатын «Шин-Лайн» компаниясының өндірістік әлеуетін кеңейтуге бағытталған. Бүгінде компания балмұздақтың 160-тан астам түрін, сондай-ақ сүт өнімдері мен мұздатылған жартылай фабрикаттарды өндірумен айналысады. Өнімдері ішкі нарықта жоғары сұранысқа ие болып қана қоймай, шетелдік нарықтарға да экспортталуда.

Жаңа кәсіпорын іске қосылғаннан кейін өңірдегі қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуына тың серпін бермек. Сонымен қатар отандық өнім көлемін арттырып, импортты алмастыруға өз үлесін қосады. Кәсіпорында өндірілген өнімдер Қазақстан нарығымен қатар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Беларусь және Сауд Арабиясы секілді 10-нан астам мемлекетке экспортталатын болады.

Инвестициялық жобаның жүзеге асуы ауданның өндірістік әлеуетін күшейтіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңір экономикасының тұрақты дамуына, кәсіпкерліктің өркендеуіне және халықтың тұрмыс сапасының артуына оң әсерін тигізбек.

Сауран ауданында қолға алынған мұндай жобалар Мемлекет басшысы айқындаған экономикалық өсім мен өңірлерді дамыту саясатының нақты нәтижесін көрсетеді. Өндіріс көлемінің артуы, экспорттық мүмкіндіктердің кеңеюі және жаңа инвестициялардың тартылуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін бермек.

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Кентаудағы кәсіпорын пластик қалдықтарды өңдеп, экспортқа шығаруда

Next Post

Президент тапсырмасы: Сауранда өндірістік аймақ қалыптастыру жұмыстары қолға алынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz