gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ІІМ балаларды онлайн-грумерлерден қорғау ережелерін еске салды

8 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ІІМ балаларды онлайн-грумерлерден қорғау ережелерін еске салды
Share on FacebookShare on Twitter
Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен кәмелетке толмағандарға онлайн-груминг қаупі туралы ескертеді. Онлайн-груминг — бұл қаскөйлердің интернет арқылы балалармен сенімді қарым-қатынас орнату үшін қолданатын қауіпті тәсілі.
Әдетте бәрі әлеуметтік желіде, мессенджерлерде, онлайн ойындарда немесе танымал интернет-платформаларда қарапайым таныстықтан басталады. Қаскөй сенімге кіру үшін өзін жасөспірім ретінде таныстыруы мүмкін.
Қаскөй бала үшін «жақын досқа» айналуға тырысады: күн сайын хабарласып, ерекше көңіл бөледі, оның жеке өміріне, ішкі уайымдарына қызығушылық танытады. Кейінірек ол жеке сипаттағы сұрақтар қойып, күн тәртібін, тұрғылықты жерін, араласатын ортасын және басқа да мәліметтерді білуге тырысады.
Одан соң қаскөй фотосуреттер мен бейнежазбалар жіберуді немесе жеке тақырыптардағы әңгімелерге көшуді сұрайды. Сонымен қатар мұндай әңгімелердің қалыпты жағдай екенін айтып, хат алмасу туралы ешкімге айтпауды талап етуі немесе психологиялық қысым көрсетуі мүмкін.
Онлайн-грумер – бұл кәмелетке толмаған баламен интернет арқылы әдейі байланыс орнатып, оның сеніміне кіріп, кейіннен зиян келтіруді мақсат ететін ересек адам.
Онлайн-грумингтен қалай қорғануға болады:
— интернетте бейтаныс адамдармен сөйлеспе;
— жеке деректерді, тұрғылықты мекенжайды, телефон нөмірін, оқу орнын және басқа да құпия ақпаратты жариялама;
— бейтаныс желі пайдаланушыларына фотосуреттер мен бейнежазбаларды жіберме;
— әңгімелесуші интимдік сипаттағы сұрақтар қойса немесе хат алмасуды құпия сақтауды сұраса, онымен сөйлесуді бірден тоқтат;
— күмәнді аккаунттарды бұғатта;
— интернеттегі кез келген күмәнді адамдар туралы дереу ата-анаңа хабарла.
ІІМ ата-аналарды балаларымен интернеттегі қауіпсіздік ережелерін үнемі талқылап отыруға және олардың онлайн-белсенділігіндегі өзгерістерге назар аударуға шақырады. Баланың цифрлық ортадағы қауіпсіздігі де шынайы өмірдегідей қырағылықты талап етеді.
Previous Post

Бекзат Саттархановқа жыр арнаған түрік ақыны – Фатих Кескин

Next Post

Жолдау жүктеген міндет: Сарыағаштағы Ақжар ауылында ауыз су жүйесі жаңартылып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz