gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Сарыағаштағы Ақжар ауылында ауыз су жүйесі жаңартылып жатыр

8 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Сарыағаштағы Ақжар ауылында ауыз су жүйесі жаңартылып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, ауылдық инфрақұрылымды дамыту және медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Сарыағаш ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен іске асырылуда.

Осыған орай аудан әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округіне арнайы барып, ауыз су жүйесі мен медициналық нысандардың құрылыс барысымен танысты. Аудан басшысы жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен қарқынын бақылап, жауапты мамандар мен мердігер мекеме өкілдеріне жобаларды белгіленген талаптарға сай әрі уақытылы аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Қазіргі таңда Ақжар елді мекенінде ауыз су инфрақұрылымын жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, суқойманы қоршау, диаметрі 110 және 160 миллиметр болатын су құбырларын тарту, сондай-ақ су құдықшаларын орнату жұмыстары қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Бүгінге дейін жалпы ұзындығы 30 шақырымға жуық ауыз су құбыры тартылып, 150 дана су құдықшасы орнатылған.

Жоба толық аяқталғаннан кейін Ақжар ауылындағы 7 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады. Сонымен қатар елді мекендегі тозығы жеткен су құбырлары толық жаңартылып, ауыз су жүйесінің сенімділігі артады.

Сапар барысында аудан әкімі Ақжар және Дихан баба елді мекендерінде салынып жатқан жаңа медициналық нысандардың құрылыс жұмыстарымен де танысты. Қазіргі уақытта нысандарда кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жобалар ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартып, алғашқы медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Аудан басшысы халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған әлеуметтік маңызы бар нысандардың сапалы әрі белгіленген мерзімде пайдалануға берілуі басты назарда екенін атап өтті.

Жалпы, Сарыағаш ауданында жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға, елді мекендердің инженерлік желілерін жаңғыртуға және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Previous Post

ІІМ балаларды онлайн-грумерлерден қорғау ережелерін еске салды

Next Post

Жолдау жүктеген міндет: Жетісайда инвестициялық жобалар жүзеге асуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz