gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Жетісайда инвестициялық жобалар жүзеге асуда

9 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Жетісайда инвестициялық жобалар жүзеге асуда
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу міндеттерін айқындап келеді. Осы бағыттағы жұмыстар Түркістан облысында жүйелі жүзеге асырылып, өндіріс пен бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес Жетісай ауданында кәсіпкерлік саласын дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осыған орай аудан әкімі Серік Мамытов өңірдегі бірқатар кәсіпкерлік және өндірістік нысандарды аралап, жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысымен танысты.

Алдымен аудан басшысы Жетісай қаласындағы орталық саябақ аумағында жеке инвестордың қаржысы есебінен салынып жатқан заманауи аттракциондар мен балалар ойын алаңшасының құрылыс алаңында болды. Нысанның құрылыс сапасын бақылап, кәсіпкермен пікір алмасты. Балалардың қауіпсіздігі басты назарға алынып, орнатылатын ойын құрылғыларының техникалық талаптарға сәйкестігі мен рұқсат құжаттарының толық болуы жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Серік Үсенұлы мұндай демалыс орындарының тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырудағы маңызына тоқталып, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін сапалы әрі қауіпсіз нысандардың қажеттігін атап өтті.

Бұдан кейін аудан әкімі Асықата кентіндегі өндірістік паркке барып, ондағы кәсіпкерлермен кездесті. Жалпы аумағы 1 гектарды құрайтын өндірістік аймақта бірнеше кәсіпорын жоспарға сәйкес орналасып, өз қызметтерін бастап кеткен. Бұл жоба аудан экономикасын дамытуға, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға және шағын және орта бизнестің дамуына серпін беретін маңызды бастамалардың бірі болып саналады.

Кездесу барысында аудан басшысы өндірістік парктер мен индустриялық аймақтардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы ауданның инвестициялық тартымдылығын арттыруға толық мүмкіндік бар екенін атап өтті. Сондай-ақ кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларын тиімді пайдаланып, өндіріс көлемін ұлғайту қажеттігін жеткізді.

Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың табысы артып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін берілуде. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауданның өндірістік әлеуетін нығайтуға қызмет ететін болады.

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Сарыағаштағы Ақжар ауылында ауыз су жүйесі жаңартылып жатыр

Next Post

Нұралхан Көшеров Қытайда халықаралық бизнес өкілдерімен маңызды келіссөздер жүргізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz