gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Кентауда жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды

13 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Таза Қазақстан»: Кентауда жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдаулары мен қоғамдық бастамаларында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және елді мекендердің тазалығын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өңірлерде жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Осы бағыттағы жұмыстар Кентау қаласында да қарқынды жүзеге асырылып келеді. Кезекті жалпықалалық сенбілік Жастар саябағында ұйымдастырылып, оған қала әкімі Жандос Тасов, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар және белсенді тұрғындар қатысты.

Сенбілік барысында саябақ аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қураған шөптер шабылды, ағаштар мен жасыл желектердің айналасы ретке келтірілді. Қатысушылар қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға өз үлестерін қосып, қоршаған ортаға жанашырлық танытты.

Іс-шара барысында қала әкімі Жандос Қалмырзаұлы сенбілікке белсенді қатысқан тұрғындарға алғыс білдіріп, туған қаланың тазалығы мен көркеюі әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті. Сондай-ақ тұрғындарды экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тазалық жұмыстарын тұрақты қолдауға шақырды.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар Кентау қаласында жүйелі түрде жалғасуда. Қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалығын сақтау бағытындағы іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты жүргізілмек.

Previous Post

Түркістан облысы делегациясы Қытайдың ірі инвесторларымен келіссөз жүргізіп, жаңа инвестициялық жобалар пулын қалыптастырды

Next Post

«Таза Қазақстан»: Қазығұртта жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz