gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Қазығұртта жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды

13 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Таза Қазақстан»: Қазығұртта жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және елді мекендердің тазалығын сақтау мәселелерін әрдайым назарда ұстап келеді. Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өңірлерде санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Осыған орай Қазығұрт ауданында кең ауқымды жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындардың тазалыққа деген жауапкершілігін арттыру.

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес сенбілік жұмыстары барлық ауылдық округтерде бір мезетте өткізіліп, оған мемлекеттік мекеме қызметкерлері, білім, денсаулық сақтау және мәдениет саласының мамандары, жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер мен ауыл тұрғындары белсенді қатысты.

Аудан әкімі Азизхан Исмаилов сенбілік жұмыстарының барысымен танысып, тазалық пен тәртіп мәдениетін қалыптастыру әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті. Сондай-ақ мұндай игі шаралар тұрақты түрде жалғасуы қажет екенін айтып, тұрғындарды туған жердің тазалығына бейжай қарамай, қоршаған ортаны қорғауға белсенді атсалысуға шақырды.

Сенбілік барысында аудан аумағындағы көшелер, саябақтар, әлеуметтік нысандардың айналасы мен арық-атыз жүйелері тазартылды. Қураған ағаштар мен бұталар кесіліп, аумақтар ретке келтірілді. Сонымен қатар абаттандыру және көріктендіру жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылды.

Тазалық шарасы кезінде жиналған тұрмыстық және құрылыс қалдықтары арнайы коммуналдық техникалардың көмегімен шығарылып, белгіленген орындарға жеткізілді.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар Қазығұрт ауданында алдағы уақытта да жалғасып, елді мекендердің тазалығын сақтау мен қоршаған ортаны қорғау бағытындағы іс-шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылатын болады.

Previous Post

«Таза Қазақстан»: Кентауда жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды

Next Post

Түркістан облысына 5 айда 614,2 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 150,5 %-ды құрады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz