gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Жетісайда көппәтерлі үйлерді жаңғыртуға басымдық берілді

12 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Жетісайда көппәтерлі үйлерді жаңғыртуға басымдық берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту және инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру мәселелеріне ерекше мән беріп келеді. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Жетісай ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің жай-күйін жақсарту және тұрғындарды толғандырған мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Осыған орай аудан әкімі Серік Мамытов жұмыс кестесіне сәйкес Жетісай қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлерді аралап, олардың қазіргі жағдайымен танысып, өзекті мәселелерді зерделеді.

Бүгінде аудан орталығы – Жетісай қаласында 8343 тұрғын үй орналасқан. Онда 50 мыңға жуық тұрғын өмір сүреді. Қала аумағындағы 133 көпқабатты тұрғын үйде 1500 пәтер бар. Оның ішінде 49 көпқабатты тұрғын үй жертөлемен жабдықталған болса, қалған 84 үйде жертөле қарастырылмаған.

Зерделеу барысында аудан басшысы ұзақ жылдар бойы шешімін күткен мәселелердің бірі – жерасты суларының көтерілуі салдарынан тұрғын үйлердің жертөлелеріне су жиналу жағдайына ерекше назар аударды.

Мамандардың мәліметінше, қала аумағындағы жеті ескі дренаж жүйесінің толық қуатында жұмыс істемеуі аталған мәселені күрделендіріп отыр. Осыған байланысты аудан әкімі жауапты сала басшылары мен қала әкіміне нақты тапсырмалар беріп, жертөлелерде жиналған жерасты суларын шығару және дренаж жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетуді міндеттеді.

Сонымен қатар Серік Үсенұлы қаланың жерасты су деңгейін төмендетуге бағытталған жаңа жобалармен танысты. Атап айтқанда, төрт тік дренажды ұңғыманы салу жоспарланып отырған аумақтар қаралып, олардың қамту аймақтары талқыланды. Аудан басшысы жауапты мамандармен пікір алмасып, жобалардың сапалы әрі белгіленген мерзімде жүзеге асырылуы маңызды екенін атап өтті.

Тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы ескі әжетханаларды бұзу және тұрғындарды орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу мәселесі де күн тәртібінен түскен жоқ. Сондай-ақ тұрғын үйлерді кондоминиум бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткізу, тұрғындармен өзара келісімге келу және олардың ұсыныс-пікірлерін заң аясында қарастыру бойынша тиісті міндеттер жүктелді.

Аталған жұмыстар бүгінде нақты нәтижесін бере бастады. Аудан әкімінің тапсырмасымен тұрғындар арасында кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, соның нәтижесінде кондоминиум бағдарламасы бойынша 71 көппәтерлі тұрғын үйге мемлекеттік акт алынды. Бұдан бөлек, 18 тұрғын үй бойынша жерге орналастыру жобалары әзірленіп, тиісті рәсімдер жүргізілуде.

Жетісай ауданында тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасын табатын болады.

Previous Post

Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі мұхит әлемі кешені салынуы мүмкін

Next Post

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Арыста оңалту бөлімшесі іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz