gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері назарға алынды

17 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері назарға алынды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, халықпен тиімді кері байланысты нығайту және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою міндеттерін үнемі назарда ұстап келеді. Осы бағыттағы жұмыстар аясында Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Осыған орай Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек өңір тұрғындарын жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдауға келген азаматтар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ұсыныстарын білдіріп, өзекті мәселелерді көтерді.

Қабылдау барысында Түркістан қаласының тұрғыны шаһардың әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларын жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жеткізді. Облыс әкімінің орынбасары аталған бастаманың маңыздылығына тоқталып, ұсыныс тиісті сала мамандары тарапынан жан-жақты зерделенетінін атап өтті.

Сондай-ақ Сауран ауданының Игілік ауылының тұрғыны елді мекен көшелерін жөндеуге қаржы бөлінгеніне ризашылығын білдіріп, өңірде жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Бұдан бөлек, алдағы жобалардың табысты жүзеге асуына тілектестік білдірді.

Қабылдау кезінде азаматтар экологиялық мәртебе, мемлекеттік сатып алу рәсімдері және басқа да өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Қанат Қайыпбек тұрғындардың көтерген мәселелері мен ұсыныстары назардан тыс қалмайтынын айтып, әрбір өтініш қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралатынын жеткізді. Сонымен қатар жауапты басқармаларға көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп, нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Айта кетейік, Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау жұмыстары тұрақты түрде жалғасып келеді. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары бақылауға алынып, заң аясында тиісті шаралар қабылдануда.

Облыс әкімінің және оның орынбасарларының жеке қабылдауына жазылуды Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүзеге асырады. Қабылдауға eGov порталы, e-Otinish бірыңғай платформасы немесе Азаматтарды қабылдау орталығына жазбаша өтініш беру арқылы тіркелуге болады.

Previous Post

Түркістан облысында биыл 58 жаңа нысан пайдалануға беріледі

Next Post

«Дарын» сыйлығына үміткерлерден құжат қабылдау басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz