gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Дарын» сыйлығына үміткерлерден құжат қабылдау басталды

17 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Дарын» сыйлығына үміткерлерден құжат қабылдау басталды
Share on FacebookShare on Twitter
Биыл «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» сынды 10 аталым бойынша жүргізіледі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының м.а. Біржан Әлімжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
«Үміткерлер талантты, белсенді, шығармашыл, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ түрлі салаларда қоғамды дамытуға үлес қосып жүрген Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары болуы керек», – деді спикер.
Әр жылдары «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері – еліміздің асқақ туын әлемге желбіретіп танытқан спортшы Дастан Сатпаев, өнер саласында өзіндік орны бар Димаш Құдайберген және тағы да басқа өнерлі жастар болды. Бұл аталған жастар «Дарын» сыйлығы лауреаттардың аз ғана бөлігі.
Ағымдағы жылы 17 маусымда «Дарын» сыйлығына үміткерлерден құжат қабылдау басталды. Өтінімдерді қабылдау 17 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Толық ақпарат ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында (mki.gov.kz) қол жетімді.
Previous Post

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері назарға алынды

Next Post

Түркістан облысында кеден саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz