gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 8 жылда 200-ге жуық білім беру нысаны пайдалуға берілді

19 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында 8 жылда 200-ге жуық білім беру нысаны пайдалуға берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында білім беру саласын дамыту, апатты, үш ауысымды және ыңғайластырылған мектептер мәселесін шешу бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Бұл бастамалар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған сапалы әрі қолжетімді білім беру саясаты аясында іске асуда. Өңірдегі білім саласын жаңғырту жұмыстары облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бақылауымен кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Соңғы жылдары облыста білім беру инфрақұрылымын жаңарту қарқыны айтарлықтай артты. Нәтижесінде жаңа мектептердің саны көбейіп, оқушыларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берілуде. Атап айтқанда, 2018-2025 жылдар аралығында өңірде 185 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Оның ішінде 2018 жылы – 39, 2019 жылы – 26, 2020 жылы – 23, 2021 жылы – 37, 2022 жылы – 24, 2023 жылы – 22, 2024 жылы – 11 және 2025 жылы 3 мектеп ел игілігіне тапсырылған.

Биылдың өзінде 2 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар жыл соңына дейін тағы 6 мектеп пен 1 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Жаңа буынды дамыту орталығының 4 нысанының құрылысы жүргізілуде.

Жаңа білім беру ұйымдарының ашылуы оқушы орындарының тапшылығын төмендетуге, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін кезең-кезеңімен шешуге ықпал етуде. Ең бастысы, балалардың заманауи талаптарға сай әрі қауіпсіз ортада білім алуына мүмкіндік жасалуда.

Қазіргі таңда Түркістан облысында 1106 мектеп жұмыс істейді. Білім беру ұйымдарын жаңғырту мақсатында мектептерді реновациялау бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама аясында 2025-2027 жылдары 115 мектепті жаңғырту жоспарланған. Өткен жылы бағдарламаға 41 мектеп енгізіліп, оның 26-сында жұмыстар толық аяқталды. Қалған 15 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оларды 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін аяқтау көзделген. Ал биыл 38 мектепті реновациялау жоспарланған.

Жаңа оқу жылына дайындық шеңберінде облыстағы 125 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның 60-ында жұмыстар толық аяқталған. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының инженерлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 110 нысанды кезең-кезеңімен қатты отыннан табиғи газбен жылыту жүйесіне көшіру жұмыстары қолға алынған.

Жаңа мектептер салу жұмыстары да қарқынды жалғасуда. Өткен жылы өңірде 33 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп, оның 29-ы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілді. Бұл өз кезегінде апатты және үш ауысымды мектептер санын азайтуға мүмкіндік беріп отыр.

Жалпы, Түркістан облысында білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстар оқушылар үшін қауіпсіз әрі заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және білім сапасын арттыруға бағытталған. Білім инфрақұрылымын дамыту арқылы өңірде өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасалып, білім саласының әлеуеті арта түсуде.

Previous Post

«Таза Қазақстан»: Түркістан мен Кентауда тазалық, қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп талаптары қатаң бақылауда

Next Post

Жолдау жүктеген міндет: Отырарда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін ірі жобалар жүзеге асырылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz