gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Отырарда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін ірі жобалар жүзеге асырылуда

19 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Отырарда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін ірі жобалар жүзеге асырылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында өңдеу өнеркәсібін дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және инвестиция тарту мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Президент экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін шикізаттық бағыттан біртіндеп өңдеуші секторға көшу, қосылған құны жоғары өнім өндіру және жаңа жұмыс орындарын ашу маңызды екенін атап өткен болатын. Осы міндеттерді жүзеге асыру бағытында Түркістан облысында нақты жобалар қолға алынып, өндіріс орындары ашылуда.

Соңғы жылдары Түркістан облысында инвестициялық белсенділік артып, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай қалыптасып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, жаңа өндіріс орындарын ашу және жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту мәселелеріне басымдық беріліп отыр.

Осындай игі бастамалардың бірі Отырар ауданында жүзеге асуда. Ауданда инвестиция тарту және өндіріс көлемін арттыру бағытындағы жұмыстар қарқын алып, жаңа жобалар іске қосылуда. Бүгінде Қарғалы ауылдық округінде орналасқан «Отырар» индустриалды аймағында арнайы өндірістік парк салынып, кәсіпкерлер өз жұмыстарын бастап кеткен.

Қазіргі таңда өндірістік парк аумағында жалпы құны 305 миллион теңгені құрайтын бес инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 21 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізуде.

Жобалардың жүзеге асу барысымен танысу мақсатында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы өндірістік парк аумағына арнайы барып, кәсіпкерлермен кездесті. Кездесу барысында өндіріс орындарының жұмысымен танысып, кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар жауапты сала басшыларына өндірісті одан әрі дамыту, инфрақұрылымдық мәселелерді шешу және кәсіпкерлерге қажетті құқықтық қолдау көрсету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Өндірістік парктегі ең маңызды жобалардың бірі – «Eliko Snacks» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сублимациялық кептірілген жеміс өндіру кәсіпорны. Бұл жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге негізделген заманауи өндіріс ретінде ерекшеленеді.

Сублимациялық кептіру технологиясы өнім құрамындағы дәрумендер мен пайдалы заттардың 95 пайызға дейін сақталуына мүмкіндік береді. Арнайы вакуумдық әдіс арқылы өнімдегі ылғал жойылып, оның табиғи дәмі мен сапасы ұзақ уақыт сақталады. Сонымен қатар мұндай өнімдерді сақтау және тасымалдау әлдеқайда жеңіл болады.

Кәсіпорынның басты мақсаты – жергілікті шаруалардың өндірген өнімдерін өңдеп, ішкі нарыққа және экспортқа бағытталған сапалы тауар шығару. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын арттырып қана қоймай, ауданның экспорттық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта кәсіпорында бес адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта өндіріс көлемінің артуына байланысты қосымша жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Кәсіпорын тәулігіне 100 келіге дейін өнім өңдеуге қауқарлы.

Мамандардың пікірінше, мұндай жобалар ауыл шаруашылығы саласының тиімділігін арттырып, өңдеу өнеркәсібінің дамуына серпін береді. Сонымен қатар жергілікті шикізатты тиімді пайдалану арқылы импортқа тәуелділікті төмендетіп, отандық өнім көлемін ұлғайтуға жол ашады.

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы өндірістік паркте жүзеге асырылып жатқан жобалардың өңір экономикасы үшін маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасады.

Жалпы, Отырар ауданында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу өнеркәсібін дамыту және экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларының нақты көрінісі болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге бағытталған мұндай өндіріс орындары жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, ауданның өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, өңір экономикасының тұрақты дамуына тың серпін бермек.

Previous Post

Түркістан облысында 8 жылда 200-ге жуық білім беру нысаны пайдалуға берілді

Next Post

Жеке қабылдау – ашық әкімдіктің негізгі қағидаты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz