gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жеке қабылдау – ашық әкімдіктің негізгі қағидаты

19 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жеке қабылдау – ашық әкімдіктің негізгі қағидаты
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында мемлекеттік органдардың басты міндеті – азаматтардың мұң-мұқтажына құлақ асып, олардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел әрі тиімді жауап беру екенін үнемі атап келеді. Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын арттырып, халық пен билік арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеруге жол ашты.

Осы бағыттағы жұмыстар Түркістан қаласында да жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Соның бір көрінісі ретінде Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.

Жеке қабылдауға алдын ала жазылған 9 азамат қатысып, барлығы 17 мәселе көтерді. Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер қатынастары, әлеуметтік қолдау, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың денсаулығына қатысты мәселелер, ауыз су сапасы мен қысымы, көпқабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстау, кәсіпкерлікті қолдау, аулаларды абаттандыру, балалар ойын алаңдарын салу, қоқыс контейнерлерін орналастыру, бейнебақылау жүйелерінің жұмысы және коммуналдық қызметтерге қатысты бірқатар өзекті мәселелерді ортаға салды.

Қала әкімі әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің мән-жайына жеке тоқталды. Тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, олардың ұсыныстары мен талап-тілектерін назарға алды. Сонымен қатар тиісті сала басшылары мен мекеме жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеп, мәселелердің заң аясында шешілу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Кездесу барысында тұрғындарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кейбір мәселелер бойынша нақты жауаптар берілді. Ал қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер жауапты бөлімдерге жолданып, олардың орындалуы тұрақты бақылауға алынды.

Бүгінде азаматтарды жеке қабылдау тәжірибесі мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін тиімді тетіктердің біріне айналып отыр. Мұндай кездесулер халықтың нақты проблемаларын анықтауға, оларды шешудің жолдарын қарастыруға және тұрғындармен кері байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру үшін азаматтардың өтініштеріне бейжай қарамау, әрбір мәселені жан-жақты зерделеп, нақты нәтиже шығару қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Осы тұрғыдан алғанда, тұрғындарды жеке қабылдау жұмыстары халықтың сенімін нығайтып, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға қызмет етеді.

Түркістан қаласында азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын қарау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Әрбір көтерілген мәселе қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралып, тиісті шешімдер қабылданатын болады.

Айта кетейік, Түркістан қаласы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес әр айдың үшінші сәрсенбісінде өткізіледі. Қабылдауға «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі немесе Азаматтарды қабылдау орталығы арқылы алдын ала жазылуға болады.

Жалпы, тұрғындарды жеке қабылдау – халық пен жергілікті атқарушы билік арасындағы өзара сенім мен ашық диалогты нығайтатын маңызды алаң. Бұл – Мемлекет басшысы ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақты жүзеге асып жатқанын көрсететін тиімді тетік.

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Отырарда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін ірі жобалар жүзеге асырылуда

Next Post

Түркістанда ТМҰ Жоғарғы соттарының форумы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz