gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында есірткі қылмыстарына қарсы күрес шаралары талқыланды

30 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында есірткі қылмыстарына қарсы күрес шаралары талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен облыстық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күреске бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың отырысы өтті. Жиында өңірдегі есірткі қылмыстарының алдын алу, мемлекеттік шекара арқылы есірткі мен химиялық заттардың заңсыз тасымалына тосқауыл қою, синтетикалық есірткілерге қатысты сот сараптамаларының сапасы мен жеделдігін арттыру мәселелері жан-жақты қаралды. Кеңеске құқық қорғау және арнайы органдардың, облыстық басқармалар мен жауапты мекемелердің басшылары қатысты.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров есірткі қылмысына қарсы күрес – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бағыты екенін атап өтіп, Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттігін жеткізді.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Мұхтар Даулетов, Мемлекеттік кірістер департаменті бастығының орынбасары Ерлан Тұрысов және Түркістан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Тіленшин баяндама жасады.
Жыл басынан бері мемлекеттік шекара арқылы есірткі тасымалдаудың 30 әрекетінің жолы кесіліп, түрлі есірткі заттары тәркіленген. Сонымен қатар күмән тудыратын көлік құралдары мен жүктерді тереңдетіп тексеру жүйесі жетілдіріліп, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл күшейтілген.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, биыл есірткінің заңсыз айналымына қатысты 155 құқықбұзушылық анықталған. Интернет кеңістігінде синтетикалық есірткіні жарнамалау фактілеріне қарсы жұмыс та күшейтілген. Жыл басынан бері «Киберқадағалау» жүйесі арқылы 537 интернет-ресурс бұғатталды.
Нашақорлықтың алдын алу бағытында да кешенді жұмыстар жүргізілуде. Биыл өңірде мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында және елді мекендерде 93 мыңнан астам тұрғынды қамтыған 883 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, 60 рейд өткізіліп, қоғамдық орындардағы есірткі жарнамасын насихаттайтын 225 граффити өшірілді.
Жиында екінші мәселе бойынша Түркістан облысы бойынша Сот сараптамалары институтының директоры Шохан Тасыбаев сөз сөйлеп, синтетикалық есірткілердің таралуына байланысты сараптамалық мүмкіндіктерді күшейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Жиын қорытындысында Нұралхан Көшеров жауапты мемлекеттік органдарға есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейтуді, цифрлық технологияларды кеңінен пайдалануды, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жетілдіруді және жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.
Previous Post

200-ге жуық оқушы Түркістан облысының тарихи-мәдени мұрасымен танысты

Next Post

Түркістан облысында ұрлық пен заңсыз ойын бизнесіне қарсы күрес күшейтілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz