gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

200-ге жуық оқушы Түркістан облысының тарихи-мәдени мұрасымен танысты

30 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
200-ге жуық оқушы Түркістан облысының тарихи-мәдени мұрасымен танысты
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы білім басқармасының Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткен «Облыс тарихы» тарихи-танымдық керуен-шеруі қорытындыланды.
Бес күнге созылған тағылымды шараға облыстың барлық аудандары мен қалаларынан жиналған 10-12 жас аралығындағы 170 оқушы қатысты.
Керуеннің басты мақсаты – жас ұрпақтың туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасын терең танып-білуіне мүмкіндік жасау, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру және елжандылық қасиеттерін қалыптастыру.
Керуен-шерудің алғашқы күні қатысушылар Түркістан – Отырар бағыты бойынша сапарлап, көне Отырар қалашығы мен Арыстан баб кесенесін аралады. Оқушылар Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі мәдениет және ғылым орталығы болған Отырардың тарихымен танысып, өңірдің бай рухани мұрасы жөнінде мағлұмат алды.
Екінші күні Түркістан – Бәйдібек бағыты бойынша ұйымдастырылған танымдық саяхат барысында жас өлкетанушылар Ақмешіт әулие үңгірі мен Домалақ ана кесенесіне барып, олардың тарихи әрі рухани маңызымен танысты.
Үшінші күні керуен Қазығұрт ауданындағы Ғайып Ерен Қырық Шілтен кешеніне және «Қазығұрттың басында кеме қалған…» табиғи мұра ескерткішіне саяхат жасады. Бұл сапар оқушылардың халқымыздың аңыз-әфсаналары мен тарихи танымына деген қызығушылығын арттырды.
Төртінші күні қатысушылар Түркістан қаласының рухани-мәдени және туристік нысандарын аралады. Атап айтқанда, «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы, Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі, Күлтөбе қалашығы, Қылует жер асты медресесі, ескі Түркістан моншасы сияқты тарихи орындармен танысты. Сонымен қатар жаңарған Түркістанның келбетін айшықтайтын Қабылдау орталығы, «Ұлы дала елі» орталығы, Тұңғыш Президент саябағы мен «Керуен сарай» кешенін аралады.
Соңғы күні қатысушылар арасында «Тарихқа саяхат» бейнерепортаж байқауы мен «Тарих білгірлері» интеллектуалдық QUIZ ойыны өткізілді. Командалар тарихи-мәдени нысандар туралы дайындаған шығармашылық жұмыстарын ұсынып, тарихи білімдері мен зерттеушілік қабілеттерін ортаға салды.
Іс-шара соңында белсенді қатысушылар мен үздік командалар марапатталып, керуен-шеруге қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
«Облыс тарихы» тарихи-танымдық керуен-шеруі жас ұрпақтың туған жер тарихына деген қызығушылығын арттырып, тарихи-мәдени мұраларға құрметпен қарауға тәрбиелеуге және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.
Previous Post

Түркістан облысында облыстық маңызы бар автомобиль жолы пайдалануға берілді

Next Post

Түркістан облысында есірткі қылмыстарына қарсы күрес шаралары талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz