gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда «Есірткісіз өмір – спортпен бірге» атты футбол жарысы өтті

1 июля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда «Есірткісіз өмір – спортпен бірге» атты футбол жарысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Кентау қаласының «Динамо» стадионында жастар арасында «Есірткісіз өмір – спортпен бірге» тақырыбында футболдан жарыс өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың және есірткі бизнесінің заңсыз айналымының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортпен тұрақты айналысуға ынталандыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Жарысқа қала бойынша жалпы 12 команда қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар жоғары спорттық дайындықтарын, ұйымшылдықтарын және жеңіске деген жігерлерін танытты. Жарыс қорытындысы бойынша I орынды – «Кентау политехникалық колледжі» командасы жеңіп алды, II орынды – «Жасұлан» командасы иемденсе, III орын – «Байылдыр» командасына бұйырды. Жеңімпаз командаларға қаржылай сыйлықтар, дипломдар, медальдар және кубоктар табысталды.
Сонымен қатар, жарыс барысында ерекше өнер көрсеткен ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды: Осындай спорттық іс-шаралар жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бұқаралық спортты дамытуға, жаман әдеттердің алдын алуға және қоғамда есірткіге қарсы көзқарасты нығайтуға өз үлесін қосады.
Previous Post

Сыбайлас жемқорлар, педофилдер және террористер рақымшылық жасауға ілінбейді – Президент заңға қол қойды

Next Post

Кентауда көпқабатты тұрғын үйлер ауласында экологиялық сенбілік ұйымдастырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz