gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда көпқабатты тұрғын үйлер ауласында экологиялық сенбілік ұйымдастырылды

1 июля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда көпқабатты тұрғын үйлер ауласында экологиялық сенбілік ұйымдастырылды
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау қаласы С.Сейфуллин көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында «Эко-Аула KENTAU» экологиялық жобасы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараға аула тұрғындары, жастар, еріктілер, ата-аналар мен мектеп оқушылары белсене қатысып, қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында бірлескен жұмыстар атқарды. Балалар үшін қызықты экологиялық ойындар мен танымдық тренингтер өткізіліп, табиғатты қорғаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Аталған жоба Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің «Азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдастырушылық әлеуетін нығайту, білім базасын кеңейту және олардың кәсіби біліктілігін арттыру» жобасы аясында жүзеге асырылуда.
Сенбілік барысында «Қоқыс тапсыр — сыйлық ал» акциясы ұйымдастырылып, тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды жинап, сұрыптауға белсенді қатысты. Нәтижесінде С.Сейфуллин көшесіндегі №106, №110, №112, №114, №116 және №118 көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары тазартылды.
Экологиялық акция соңында белсенділік танытқан қатысушылар мен жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталып, аула тазалығына үлес қосқан тұрғындарға алғыс хаттар берілді. Сонымен қатар, аулаларға тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған қоқыс жәшіктері орнатылып, қоқыс жинау орындары белгіленді.
«Эко-Аула KENTAU» жобасы тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және қоғамда тұрақты экологиялық өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Жоба аясындағы сенбілік және ақпараттық-насихат жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.
Previous Post

Кентауда «Есірткісіз өмір – спортпен бірге» атты футбол жарысы өтті

Next Post

Түркістан облысында гүл орталығы мен кешенін салу бастамасы талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz