gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ынтымақ ауылында 200 орындық мәдениет үйі салынып жатыр

22 июля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ынтымақ ауылында 200 орындық мәдениет үйі салынып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter
Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев жұмыс сапарымен Ынтымақ және Майтөбе ауылдарына барып, салынып жатқан әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандарының жұмысымен танысты. Алдымен аудан әкімі «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан Ынтымақ ауылындағы 200 орындық мәдениет үйінің құрылыс алаңында болды. Мердігер мекеме өкілдері нысанда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, құрылыс барысымен таныстырды. Қазіргі таңда ғимараттың іргетасы мен қабырғалары толықтай қаланып, шатыр жабу жұмыстары аяқталған. Сондай-ақ, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, қосалқы резервуарлардың құрылысы толық аяқталған. Аудан әкімі құрылыс сапасына ерекше назар аударып, барлық жұмыстардың белгіленген талаптарға сәйкес әрі уақытылы орындалуы қажеттігін атап өтті.
Жұмыс сапары аясында аудан басшысы Майтөбе ауылында салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылыс нысанына да арнайы барып, мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Медициналық нысан 45 емделушіге арналған. Амбулатория пайдалануға берілгеннен кейін ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетіліп, 4 күндізгі төсек-орын жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, жаңа нысанда 5 дәрігер, 13 орта буын және 2 кіші буын медицина қызметкері еңбек етеді. Аудан әкімі мердігер мекеме өкілдеріне кемшіліктерді жойып, нысанды уақытылы әрі сапалы аяқтау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Previous Post

Түркістан облысы мен Үндістан арасындағы байланыс нығайып, жаңа жобалар бойынша келіссөз жүргізілді

Next Post

2026 жылы Түркістан облысында 45 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz