gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы мен Үндістан арасындағы байланыс нығайып, жаңа жобалар бойынша келіссөз жүргізілді

21 июля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысы мен Үндістан арасындағы байланыс нығайып, жаңа жобалар бойынша келіссөз жүргізілді
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангалмен кездесті. Кездесу барысында инвестиция тарту, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, медицина және фармацевтика салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен инвестициялық әлеуетіне тоқталып, Түркістан облысында инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті. Сондай-ақ үндістандық компанияларды бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.
– Түркістан облысы – инвестиция үшін мүмкіндігі мол өңір. Біз индустрия, ауыл шаруашылығы, туризм бағыттарында өзара тиімді әріптестік орнатуға дайынбыз. Түркістан халықаралық әуежайының мүмкіндігі жоғары, шетелдік туристерді қабылдауға барлық жағдай жасалған. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасы Үндістаннан келетін туристер үшін де ерекше қызығушылық тудырады, – деді Нұралхан Көшеров.
Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангал екі ел арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, жыл сайын шамамен 50 млн Үндістан азаматы шетелдерге туристік сапар жасайды. Осыған байланысты Түркістанның туристік мүмкіндігі үндістандық туристер үшін тартымды бағыттардың біріне айнала алатынын жеткізді. Сонымен қатар елші уран өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туризм, мақта кластері, медицина және фармацевтика, баламалы энергия көздері бағыттарында әріптестік орнатуға қызығушылық білдірді. Өңірде халықаралық деңгейдегі аурухана салу, ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінде нақты жобаларды жүзеге асыру бастамасын көтерді.
Кездесу қорытындысында қос тарап аталған салалар бойынша байланыстарды нығайтып, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруға уағдаласты.
Previous Post

Түркістанда «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары өтті

Next Post

Ынтымақ ауылында 200 орындық мәдениет үйі салынып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz