Алдағы Құрылтай сайлауының басты ерекшелігі – жаңа Конституция аясында құрылатын бір палаталы Құрылтайдың алғашқы құрамының жасақталуы.
Бұл – жай ғана кезекті электоралдық науқан емес. Бұл – Қазақстанның саяси және құқықтық жүйесінің жаңа институционалдық кезеңге қадам басуын айқындайтын маңызды тарихи үдеріс.
Қоғам дамыған сайын саяси институттар да заман талабына сай жаңғырып, жаңа міндеттерге бейімделуі заңды. Бір палаталы Құрылтайға көшу – өткен тәжірибеден бас тарту емес, керісінше, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, заң шығару үдерісін тиімді етуге бағытталған маңызды қадам.
Жаңа форматтағы өкілді органның жұмысы ең алдымен халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға, азаматтардың ұсыныстары мен бас-тамаларын ескеруге бағытталуы тиіс. Бұл ретте партиялардың бағдарламалары, депутаттардың бастамалары және парламенттік бақылау тетіктері қоғам мүддесін қорғаудың маңызды құралдарына айналады.
Әрбір азамат сайлауда ел болашағы үшін таңдау жасауы қажет. Сондықтан баршаңызда алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырамын.
Бағира Ерубаева,
Кентау қаласының тұрғыны



