gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

5 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Созақ ауданында 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай сайлауына дайындық аясында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті.

Семинарға Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Б. Хасанов, комиссия мүшелері Қ. Құлажанов пен Б. Өскенбаев қатысып, сайлау процесін ұйымдастырудың негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің функционалдық міндеттері, дауыс беру күніндегі іс-қимыл алгоритмі, сайлау рәсімдерін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастыру және өткізу тәртібі кеңінен түсіндірілді.

Оқыту семинарын Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Т. Бекқұлы ашып, жүргізді.

Семинар барысында алдағы сайлауға дайындықтың негізгі кезеңдері жан-жақты пысықталып, учаскелік сайлау комиссиялары қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Комиссия мүшелерінің практикалық дайындығын жетілдіруге, сайлау процесін сапалы әрі тиімді ұйымдастыруға бағытталған ұсынымдар берілді.

Сонымен қатар, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері аудан аумағындағы бірқатар сайлау учаскелеріне барып, олардың Құрылтай сайлауына дайындығын зерделеді. Тексеру барысында сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуы, қажетті құжаттармен қамтамасыз етілуі, ақпараттық материалдардың орналастырылуы және сайлаушыларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарға назар аударылды.

Қорытындысында учаскелік сайлау комиссияларына сайлау процесін заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастыру, сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету және дауыс беру күнін жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.

Құрылтай сайлауын ашықтық, заңдылық және әділдік қағидаттарына сәйкес өткізуге бағытталған дайындық жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

#Құрылтай2026 #Сайлау2026 #СозақАуданы #ТүркістанОблысы #АумақтықСайлауКомиссиясы

Previous Post

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Next Post

САРЫАҒАШТЫҚ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz