gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САРЫАҒАШТЫҚ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ

5 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
САРЫАҒАШТЫҚ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында белсенді жастардың бастамасымен тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Шара аясында ерікті жастар тазалық жұмыстарын жүргізіп, аудан орталығындағы саябақты күл-қоқыстан тазартты. Еріктілер жол бойындағы қоқыстарды жинап, ағаштарды әктеп, қураған ағаш бұтақтарын шапты. Саябақ аумағындағы қоқыстар арнайы қаптарға салынып, полигондарға жеткізілді.

Тазалық жұмыстарына белсене қатысқан белсенді жастардың бірі Қайрат Сапарбеков өткізілген тазалық шарасы туралы пікір білдірді.
«Туған жеріміздің тазалығы – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Осындай игі шаралар қоршаған ортаны таза ұстауға ғана емес, жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыруға да ықпал етеді. Барша жастарды осындай бастамалардан шет қалмай, туған өлкеміздің көркеюіне өз үлесін қосуға шақырамын. Жыл соңына дейін ауданның белсенді жастары болып тағы да тазалық шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз».
Айта кетейік, әр апта сайын облыстың барлық аудан-қалаларында тазалық жұмыстары ұйымдастырылуда. Бұндай жұмыстар өңір тұрғындарының қоршаған ортаны қорғауға деген мәдениет қалыптастырып, жастарға үлгі болмақ. Жыл басынан бері облыс аумағында 3 мыңнан астам тазалық шарасы өтті. Жыл соңына дейін бұндай жобалар өз жалғасын таппақ.

#Таза_Қазақстан

Previous Post

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Next Post

Ішімдіксіз ауыл – қауіпсіз қоғам

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz