gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда үйде дауыс беру қалай ұйымдастырылады?

12 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда үйде дауыс беру қалай ұйымдастырылады?
Share on FacebookShare on Twitter
Қазақстан Республикасында әрбір азаматтың сайлау құқығын толық жүзеге асыруы – демократиялық қоғамның басты қағидаларының бірі. Осыған байланысты, сайлау күні денсаулық жағдайына немесе басқа да объективті себептерге байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар үшін сайлау учаскесінен тыс дауыс беру мүмкіндігі заңмен қарастырылған.
Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасына сәйкес, сайлаушы дауыс беру күні өзі тіркелген сайлау учаскесіне келе алмайтын болса, учаскелік сайлау комиссиясына алдын ала өтініш бере алады. Мұндай жағдайда комиссия мүшелері арнайы тасымалданатын сайлау жәшігімен азаматтың тұрған мекенжайына барып, дауыс беру рәсімін ұйымдастырады.
Сайлауға қатысу үшін мүгедектігі бар азаматтардың өз таңдауын жасап, дауыс беруіне жағдай жасау жөнінде барлық шаралар қабылдануда.
Түркістан облысындағы 952 сайлау учаскесі де материалдық-техникалық құралдармен толық қамтылған. Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар азаматтарға арналған нысандар мен қызметтердің қолжетімділік картасына енгізілген.
Өңірде дауыс беру кезінде ерекше қажеттілігі бар сайлаушылардың жалпы саны – 14 873. Оның ішінде:
•​3 365 сайлаушы – кресло-арбаларды пайдаланады;
•​7 643 сайлаушы – көруі бойынша мүгедектігі бар азаматтар;
•​3 865 сайлаушы – естуі бойынша мүгедектігі бар азаматтар.
Сайлау күні осы аталған азаматтарға кедергісіз қатынау мүмкіндігін жасау үшін 65 инватакси және 49 әлеуметтік такси қызмет көрсететін болады. Жалпы, облыс бойынша ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қолайлы әрі кедергісіз орта жағдайлары жасалған.
Барлық 952 учаскеде тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған азаматтардың, оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланушылардың қолжетімділігі ескерілген. Пандустар орнатылып, тактильді жолақтар төселген, қажетті құлаққаптар мен тиісті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Жасырын дауыс беруге арналған арнайы кабиналармен және мүгедектігі бар адамдар үшін жеке бұрыштармен қамтамасыз ету жұмыстары толық аяқталды.
Бұл рәсімнің барлық кезеңі заң талаптарына сай жүргізіледі. Дауыс берудің құпиялығы, еріктілігі және әділдігі толық сақталады. Комиссия мүшелері сайлаушының таңдауына ешқандай ықпал етпейді және сайлау заңнамасында көзделген барлық рәсімдерді қатаң орындайды. Оған қоса, комиссия мүшелері арнайы оқытудан өтіп, сайлау заңнамасының талаптарын бұлжытпай басшылыққа алуда.
«Әрбір азаматтың дауысы – ел болашағына қосылған маңызды үлес. Сайлау – азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Әрбір сайлаушының дауыс беру құқығын қамтамасыз ету – сайлау комиссияларының басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта Түркістан облысының сайлау комиссиялары заң талаптарын басшылыққа ала отырып, әр азаматтың еркін таңдау жасауына қажетті барлық жағдайды қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын үздіксіз жалғастыра береді», — деп атап өтті Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Қуандық Құлажанов.
Денсаулық жағдайына байланысты немесе өзге де дәлелді себептермен сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар заңда белгіленген тәртіппен сайлау учаскесінен тыс дауыс беру мүмкіндігін толық пайдалана алады.
Previous Post

5574 әскери бөлімінде әскери қызметшілер марапатталды

Next Post

Ордабасы ауданында қағаз өнімдерін терең өңдейтін зауыттың құрылысы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz