gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

5574 әскери бөлімінде әскери қызметшілер марапатталды

11 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
5574 әскери бөлімінде әскери қызметшілер марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласында 5574 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің еңбегін дәріптеп, үздіктерді марапаттауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы, генерал-майор Болат Қалмұрзаев, сондай-ақ прокурор Бауыржан Мырзакеров қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін өткізу кезінде қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, кәсіби шеберлік танытқаны үшін 5574 әскери бөлімінің командирі, полковник Төлеген Шыныбеков «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы бөлімшелерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай кеуде белгісімен полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров марапатталды.
Салтанатты рәсімде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен 5574 әскери бөлімінің дене шынықтыру және спорт бастығы, аға сержант Бекжігіт Бекназаров алғашқы офицерлік әскери шен – «лейтенант» атағы берілді.
Іс-шара барысында әскери қызметшілерге Отан алдындағы қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, жоғары кәсіби шеберлік пен жауапкершілік танытқаны үшін алғыс білдірілді.
Previous Post

Облыс әкімінің орынбасары тұрғындардың өтініш-тілегіне құлақ түрді

Next Post

Түркістанда үйде дауыс беру қалай ұйымдастырылады?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz