gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әр дауыс – ел болашағы үшін

9 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Әр дауыс – ел болашағы үшін
Share on FacebookShare on Twitter

Құрылтай сайлауы – азаматтық жауапкершілік пен демократиялық құндылықтардың айқын көрінісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың негізгі мақсаты – әділетті мемлекет қалыптастырып, азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту екенін үнемі атап келеді. Президент бастамасымен қолға алынған конституциялық өзгерістер қоғамның саяси мәдениетін жаңғыртып, халықтың ел тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылдауға қатысуына жол ашты. Осы реформалардың маңызды тетіктерінің бірі – Құрылтай сайлауы. Бұл – әрбір азаматтың өз таңдауын жасап қана қоймай, мемлекет дамуына, қоғамдық келісім мен елдің ертеңіне үлес қосатын маңызды саяси науқан. Сондықтан сайлаудың ашық, әділ әрі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылуы – мемлекет пен қоғам алдындағы маңызды міндет.
Кентау қаласында да алдағы Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық дайындығы, комиссия мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыру, сайлаушылар тізімін нақтылау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар толыққанды жүзеге асырылуда.
Осы орайда Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бекзат САДУОВПЕН әңгімелесіп, сайлау науқанының барысы жөнінде сұрадық.

– Бекзат Нұралыұлы, алдымен Құрылтай сайлауының ел өміріндегі маңызына тоқталсаңыз. Бұл саяси науқанның ерекшелігі неде?

– Құрылтай сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Оның ерекшелігі – халықтың еркін білдіруіне, азамат-тардың мемлекет басқару ісіне қатысуына мүмкіндік беруінде. Әрбір сайлаушының берген дауысы елдің даму бағытын айқындайтын маңызды шешімдердің қабылдануына ықпал етеді.
Қазіргі таңда Қазақстанда саяси жүйені жаңғырту бағытында ау-қымды реформалар жүзеге асырылып келеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде азаматтардың пікіріне, қоғамдық бақылауға және ашықтық қағидаттарына ерекше мән беріліп отыр. Сондықтан Құрылтай сайлауы – тек дауыс беру рәсімі ғана емес, бұл – азаматтық жауапкершіліктің, демократиялық мәдениеттің және халықтың мемлекетке деген сенімінің көрінісі.
Әрбір азамат сайлауға қатысу арқылы өз таңдауын жасап қана қоймай, елдің тұрақты дамуына өз үлесін қосады.

– Кентау қаласында сайлауға дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде?

– Қала бойынша барлық дайындық жұмыстары Қазақстан Республикасы-ның Конституциясы мен сайлау туралы заңнамасына сәйкес жүргізілуде.
Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясына қарасты 35 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Әрбір учаске қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілген. Дауыс беру кабиналары, сайлау жәшіктері, ақпараттық тақталар және өзге де қажетті жабдықтар толық дайындалды.
Сонымен бірге сайлау күні туындауы мүмкін кез келген мәселені жедел шешуге бағытталған ұйымдастыру шаралары қабылданған. Біздің басты мақсатымыз – әрбір азаматтың заңмен кепілдік берілген сайлау құқығын толық қамтамасыз ету.

– Комиссия мүшелерінің кәсіби дайындығына тоқталсаңыз.

– Сайлаудың сапалы әрі заң талаптарына сай өтуі ең алдымен комиссия мүшелерінің кәсібилігіне байланысты.
Осыған орай барлық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері арнайы оқытудан өтті. Оқу барысында сайлау заңнамасының талаптары, дауыс беру рәсімі, бюллетеньдермен жұмыс, сайлаушылардың құқықтарын қорғау, бақылаушылармен өзара іс-қимыл және хаттамаларды рәсімдеу тәртібі жан-жақты түсіндірілді.
Мұндай дайындық заң талаптары-ның қатаң сақталуына және сайлау процесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына мүмкіндік береді.

– Бүгінгі таңда Кентау қаласында қанша сайлаушы тіркелген?

– Қазіргі уақытта Кентау қаласы бойынша 56 756 сайлаушы тіркелген.
Бұл – қаламыздың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысатын азаматтардың едәуір бөлігі. Әрбір азаматтың дауысы маңызды. Сондықтан сайлаушылар тізімін нақтылау жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. 2 тамыздан бастап сайлаушылар тізімі барлық учаскелік сайлау комиссияларына таратылды. Қазіргі таңда тұрғындар өздерінің деректерін тексеріп, тізімде бар немесе жоқ екенін көре алады.

– Қалаға қарасты ауылдық елді мекендерде сайлау қалай ұйым-дастырылып жатыр?

– Қалаға қарасты барлық ауылдық елді мекендерде де тұрғындардың дауыс беруіне толық жағдай жасалған. Атап айтқанда, Хантағы ауылында – 3, Ащысай ауылында – 2, Қарнақ ауылында – 4, Құсшыата ауылында – 1 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Бұл учаскелердің барлығы қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ет-ілген. Ауыл тұрғындарының сайлау құқығын іске асыруға ешқандай кедергі болмайды.

– Ерекше қажеттілігі бар аза-маттардың дауыс беруіне қандай жағдай жасалған?

– Мемлекетіміз инклюзивті қоғам қалыптастыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Сондықтан сайлауда да ерекше қажеттілігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету – басты назардағы мәселе.
Қазіргі таңда Кентау қаласында 1039 ерекше қажеттілікті талап ететін сайлаушылар тіркелген. Оның ішінде 197 азамат кресло-арбаны пайдаланады, 604 азаматтың есту қабілетінде, ал 238 азаматтың көру қабілетінде шектеу бар.
Осыған байланысты қаладағы барлық 35 сайлау учаскесі арнайы нысандар мен қызметтердің қолжетімділік картасына енгізілген.
Әрбір учаскеде пандустар, арнайы жабдықталған жасырын дауыс беру кабиналары, арнайы бұрыштар және қолжетімді орта талаптарына сәйкес жағдайлар жасалған.
Біздің мақсатымыз – әрбір аза-маттың ешқандай кедергісіз дауыс беруіне мүмкіндік жасау.

– Сайлаудың ашықтығы қалай қамтамасыз етіледі?

– Ашықтық – кез келген сайлаудың басты қағидаты. Осыған байланысты Кентау қаласында екі қоғамдық бірлестік ресми түрде аккредиттелді. Олар – «ЭКО Атамекен» қоғамдық бірлестігі және «Шаңырақ шаттығы» қоғамдық бірлестігі.
Бұл ұйымдардың байқаушылары дауыс беру басталған сәттен бастап қорытынды хаттамалар рәсімделгенге дейін барлық процесті бақылауға құқылы.
Қоғамдық бақылау халықтың сайлау нәтижесіне деген сенімін арттырып, заң талаптарының сақталуына ықпал етеді.

– Сайлаушыларға ақпарат беру бағытында қандай жұмыстар жүргізілуде?

– Азаматтарды ақпараттандыру – маңызды бағыттардың бірі. Осы мақсатта облыстық 109 бірыңғай Call-орталығы мен сервистік сенім телефондары жұмыс істейді.
Тұрғындар өздерінің сайлау учаскесін, сайлаушылар тізіміндегі мәліметтерін, дауыс беру тәртібін және өзге де сұрақтарды осы байланыс арналары арқылы нақтылай алады.
Сонымен бірге ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

– Шақыру қағаздарын тарату жұмыстары қашан басталады?

– Тұрғындарды сайлауға шақыру қағаздары 7 тамыздан бастап таратылып, 13 тамыз күні сағат 18:00-де аяқталады.
Шақыру қағазында сайлаушының қай учаскеде дауыс беретіні, учаскенің мекенжайы және дауыс беру уақыты көрсетіледі.
Бұл жұмыс азаматтардың ақпараттандырылуын арттырып, сайлауға қатысу белсенділігін көтеруге бағыт-талған.

– Қала тұрғындарына қандай үндеу айтасыз?

– Құрылтай сайлауы – әрбір азаматтың ел тағдырына бейжай қарамайтынын көрсететін маңызды мүмкіндік. Бүгін қабылданған таңдау – ертеңгі ел дамуына әсер ететін шешімдердің негізі. Сондықтан барлық кентаулықтарды сайлау күні өз учаскелеріне келіп, азаматтық белсенділік танытуға шақырамын.
Әрбір дауыс – маңызды. Әрбір таңдау – мемлекетіміздің тұрақты дамуына қосылған үлес.
Біз өз тарапымыздан сайлаудың заң талаптарына сай, ашық, әділ және жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтуі үшін барлық қажетті жағдайды жасап жатырмыз. Ендігі кезекте тұрғындардың белсенділігі ерекше маңызға ие.
-Әңгімеңізге рахмет!

Previous Post

Сайлаушыларға шақыру қағаздары таратылуда

Next Post

ҚҰРЫЛТАЙ: ӨҢІРЛЕРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz