Келес ауданында жүзеге асырылып жатқан «Ecoculture-Eurasia» заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешенінде бірінші өнім жиналып, өндіріс көлемі артуда. Былтырғы жылы 6,25 гектар жерге «Климон F1» қызанақ көшеттері отырғызылған болатын. 2026 жылдың ақпан айынан бастап алғашқы өнімді жинау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жылыжайда 2 мың тоннадан астам қызанақ өндірілді.
Жобаның алғашқы кезеңі 51,26 гектар аумақта жүзеге асырылып, оған 42 млрд теңге инвестиция бағытталған. 2026 жылдың күзінде қосымша тағы 37,5 гектар алқапқа жылыжайдың екінші бөлігін іске қосу жоспарлануда. Осылайша жыл соңына дейін бірінші кезең аясында 50 гектардан астам өндірістік жылыжай пайдалануға беріледі.
Кешен толық қуатына жеткенде жылына 27 мың тоннаға дейін қызанақ өнімін жиналмақ. Қазіргі уақытта кәсіпорында 130 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жоба толық іске қосылған кезде мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Аталған жоба Келес ауданындағы ауыл шаруашылығы өндірісін заманауи технологиялар негізінде дамытуға, көкөніс өндірісінің көлемін арттыруға және өңірдің инвестициялық әлеуетін күшейтуге бағытталған.



