gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Астанада қайтарылған активтер есебінен 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп салынады

14 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Астанада қайтарылған активтер есебінен 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп салынады
Share on FacebookShare on Twitter
Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып жатыр. Осы мақсатта Астанада заманауи мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 7 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
1200 оқушыға арналған жаңа білім беру нысаны елорданың «Нұра» ауданында бой көтеруде. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны келер жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Мектеп салу қажеттілігі халық санының өсуіне байланысты туындап отыр. Қазіргі уақытта құрылыс аумағында 4 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді, алайда оқушы орындарының тапшылығы бар. Жаңа нысан елордадағы №84, №85, №89 және №97 мектептерге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Жалпы қайтарылған активтер азаматтар үшін практикалық маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Үкімет 610 млрд теңгеден астам сомаға 500-ден астам әлеуметтік жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Қаражат бүкіл ел бойынша білім беру, денсаулық сақтау, спорт және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салуға және жаңғыртуға бөлінеді. Білім беру саласында жалпы құны 64,4 млрд теңге болатын 17 жоба жүзеге асырылмақ. Бұл қаражат жаңа білім беру инфрақұрылымын салуға және балалар мен жастардың білім алуына заманауи жағдай жасауға бағытталды.
Previous Post

Еліміздегі ең үлкен жылыжай кешені алғашқы өнімін алды

Next Post

Кентау қаласының әкімі жеке қабылдау өткізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz