Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Н.М. Әбдіров жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Сапардың басты мақсаты — алдағы 2026 жылғы 23 тамызға жоспарланған ҚР Құрылтайы сайлауының өңірде қалай ұйымдастырылып жатқанын көзбен көріп, жергілікті комиссия мүшелеріне әдістемелік көмек көрсету.
Төраға өз сапары барысында Кентау қаласындағы №39 мен №44 сайлау учаскелерінің жұмысымен танысты.
Аталған учаскелерді аралау барысында Орталық сайлау комиссиясы-ның басшысы олардың материалдық-техникалық базасын, соның ішінде дауыс беру кабиналарының және қау-іпсіздік талаптарының жай-күйін жеке өзі тексеріп шықты.
Сонымен қатар, учаскелік комиссия мүшелерімен әңгімелесіп, сайлаушылар тізімдерін нақтылау, бюллетеньдерді қабылдауға дайындық және халықпен кері байланыс орнату жұмыстарының барысымен жіті танысты.
Төраға сайлау күні келушілерге, әс-іресе қария кісілер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға максималды қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті.
Сондай, Түркістанда сайлау комис-сияларының мүшелеріне арналған семинар өтті.
Қазақстан Республикасы Құрыл-тайы депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу мәселелері бойынша Түркістан облысында ау-дандық, қалалық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған арнайы семинар ұйымдастырылды.
Жиынға Түркістан қаласына арнайы іс-сапармен келген ҚР ОСК Электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Е.С. Абдақасов, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, сондай-ақ аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері қатысты.
Семинарға Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Төра-ғасының орынбасары Б.Хасанов модераторлық жасап, жиынның ма-ңызына кеңінен тоқталды.
«Бүгінгі басқосудың басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуге дайындық барысын пысықтау, сондай-ақ облыстық дең-гейдегі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды үйлестіру және атқарылып жатқан жұмыстарды бірлесіп талқылау», — деді ол өз сөзінде.
Шара барысында Жетісай аудан-дық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Д.Сейдекеримова, Мақта-арал аудандық аумақтық сайлау ко-миссиясының хатшысы Г.Қалдарова және Сайрам аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Реметов баяндама жасап, әдісте-мелік тәжірибелерімен бөлісті және әріптестерімен ой-талқы өткізді.
Семинар соңында сайлау күні заңдылықты қатаң сақтау және сайлау учаскелерінде туындауы мүмкін әртүрлі жағдаяттарды (ситуацияларды) шешу жолдары жан-жақты талқыланды.



