Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау және өткізу барысын бақылау, сайлау кезінде мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және халықты хабардар ету мақсатында арнайы мониторинг тобы Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясына қарасты учаскелік сайлау комиссияларының жұмысымен танысып, олардың сайлауға дайындығын саралады.
Мониторинг тобының құрамында «Түркістан облыстық Қамқор Сыбаға» мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігінің басшысы Д.Ж.Жусупов, Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеумет-тік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Ә.Мұратов, қала әкімі аппаратының әкімшілік және ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің бас инспекторы М.Кәрібай және Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі С.Қыдырбаев болды.
Жұмыс барысында мамандар Қазақстан Рес-публикасындағы сайлау туралы заңнама та-лаптарының сақталуына, сайлау учаскелерінің техникалық жарақтандырылуына, мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімді әрі инклюзивті орта қалыптастыруға және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің дайындық деңгейіне ерекше назар аударды.
Сонымен қатар мониторинг тобы комиссия мүшелерінің ерекше қажеттілігі бар сайлаушылармен жұмыс істеу алгоритмін білу деңгейін тексерді. Атап айтқанда, сайлаушымен дұрыс амандасу, жеке басын куәландыратын құжатын тексеру, сайлаушылар тізімінен мәліметтерін анықтау, дауыс беруге арналған кабинаға өтуіне жағдай жасау және қажетті көмек көрсету тәртібі бойынша сұрақтар қойылды.
Мониторинг барысында сайлау учаскелерінде азаматтардың дауыс беру құқықтарын толық жүзеге асыруына қажетті жағдайлар жасалғаны зерделенді. Әсіресе, жүріп-тұруы қиын аза-маттарға қолжетімділікті қамтамасыз ету, учас-келердің техникалық жабдықталуы және сайлау процесінің ұйымдастырылуы назарға алынды.
Жалпы, мониторинг тобының қорытындысы бойынша Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясына қарасты учаскелік сайлау комис-сияларының 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындығы тиісті деңгейде деп бағаланды.



