2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді. Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға дайындық жұмыстары қазіргі таңда барлық өңірде жоспарлы түрде жүргізілуде. Сайлаушылардың өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруы, дауыс беру тәртібі мен сайлау учаскелері туралы қажетті ақпаратты алдын ала білуі үшін тиісті жағдайлар жасалуда.
Кентау қаласында да сайлау науқаны аясындағы ұйымдастыру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Қала тұрғындарының сайлау учаскелерін алдын ала анықтап, сайлау-шылар тізіміндегі деректерін тексеруіне, сондай-ақ дауыс беру тәртібіне қатысты барлық қажетті ақпаратты алуына мүмкіндік бар.
Осыған байланысты Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бекзат САДУОВПЕН әңгімелесіп, сайлау науқанының барысы, азаматтардың дауыс беру мүм-кіндіктері және сайлаушылар жиі қоятын бірқатар маңызды сұрақтарға жауап алдық.
– Бекзат Нұралыұлы, алдымен сайлаушылар үшін маңызды мәселенің бірі – өзінің дауыс беретін сайлау учаскесін қалай оңай анықтауға болады?
– Қазіргі таңда азаматтарға өздерінің сайлау учаскесін алдын ала анықтау үшін барлық қажетті жағдай жасалған. 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қа-зақстан Республикасы Құрылтайы де-путаттарының сайлауында дауыс беретін азаматтар өз сайлау учаскесінің нөмірі мен оның нақты орналасқан мекенжайын онлайн түрде біле алады.
Осы мақсатта GOV.KZ платформасында арнайы онлайн-сервис іске қосылды. Сайлаушы аталған сервиске кіріп, өзінің өңірін таңдап, ЖСН енгізу арқылы дауыс беретін сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайы туралы ақпаратты ала алады.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін бір мезетте бірнеше электрондық сервис әзірленді. gov.kz сайлау сервисі, sailau.gov.kz және sailau2026.gov.kz сайттары арқылы өз сайлау учаскесін анықтауға болады.
Сонымен бірге бұл қызмет eGov Mobile қосымшасының «Танымал қыз-меттер» бөлімінде де қолжетімді. Қа-жет болған жағдайда азаматтар тиісті QR-кодтарды сканерлеу арқылы да сервистерге кіре алады.
Сондықтан сайлаушыларға дауыс беру күнін күтпей, өз учаскесін алдын ала анықтап, оның орналасқан жерімен танысып алуды ұсынамыз.
– Сайлау күні өзге қалада немесе елді мекенде болатын азаматтар өз таңдауын қалай жасай алады?
– Азаматтар, негізінен, тұрғылықты жері бойынша тиісті сайлау учаскесінде дауыс береді. Алайда дауыс беру күні өз болатын жерін ауыстыруына байланысты тіркелген учаскесінде дауыс бере алмайтын азаматтар үшін де заңнамада тиісті мүмкіндік қарастырылған.
Мұндай жағдайда сайлаушы дауыс беру күніне он бес күн қалғанда, яғни 2026 жылғы 7 тамыздан бастап, өзінің учаскелік сайлау комиссиясына өтініш беру арқылы есептен шығару куәлігін ала алады. Ол үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет.
Есептен шығару куәліктерін беру 2026 жылғы 22 тамызда, яғни дауыс беру күнінен бір күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де тоқтатылады. Сондай-ақ есептен шы-ғару куәлігін сенімхат бойынша алуға рұқсат етіледі. Бұл ретте сенімхатты нотариатта куәландыру талап етілмейді.
– Шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының дауыс беру мүм-кіндігі қандай?
– Шетелде жүрген Қазақстан Рес-публикасының азаматтары да өзде-рінің сайлау құқығын пайдалана алады. Шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізіміне тиісті мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іссапарда жүрген, жарамды Қазақстан Республикасының паспорты бар азаматтар енгізіледі.
Сонымен қатар шетелге жеке шақ-ырумен, қызметтік, іскерлік немесе туристік сапармен барған Қазақстан азаматтары да дауыс бере алады. Ол үшін учаскелік сайлау комиссиясына жүгініп, Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспортын ұсынуы қажет. Тиісті талаптар орындалған жағдайда азамат сайлаушылар тізіміне енгізіледі.
Шетелдегі сайлау учаскелерінің ті-зімі мен олар туралы қажетті ақпарат Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурстарында орналастырылады.
– Денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар қалай дауыс береді?
– Бұл санаттағы азаматтардың да сайлау құқығын жүзеге асыруына мүмкіндік бар.
Денсаулық жағдайына байланысты, отбасының сырқат мүшесіне күтім жасауына байланысты немесе сайлау учаскесі құрылмаған шалғай және қатынауы қиын жерлерде болуына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс бере алады.
Ол үшін сайлаушы 2026 жылғы 23 тамыз – дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-ден кешіктірмей өзінің тіркелген аумағындағы учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша өтініш беруі қажет. Өтініште дауыс беретін орны көрсетіледі.
Дауыс беру күні комиссия мүшелері берілген өтініш негізінде азаматтың болатын жеріне барып, дауыс беру мү-мкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл ретте сайлаушы жеке басын куәландыратын құжатын ұсынуы тиіс.
Дауыс беру барысында азаматтың ерік білдіру құпиясы міндетті түрде сақталады. Яғни сайлаушының өз таңдауын ешқандай қысымсыз және заң талаптарына сәйкес жасауына барлық жағдай қамтамасыз етіледі.
– Сайлаушылар тізіміне кімдер енгізіледі? Азаматтар өз деректерін алдын ала тексере ала ма?
– Сайлаушылардың тізімдерін тұр-ғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдар жасайды. Сайлаушылар тізіміне дауыс беру күні он сегіз жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие және тұрғылықты жері бойынша тиісті сайлау учаскесінің аумағында тіркелген Қазақстан Рес-публикасының азаматтары енгізіледі.
Уақытша тіркелген азаматтар да белгіленген тәртіппен сайлаушылар тізіміне енгізіледі. Бұл ретте азаматтың тек бір ғана сайлаушылар тізімінде болуы қамтамасыз етіледі.
Сайлаушылар үшін өз деректерін алдын ала тексерудің де мүмкіндігі бар. 2026 жылғы 7 тамыздан бастап азаматтар тиісті әкімдіктің интернет-ресурсы немесе байланыс орталығы арқылы нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізімінде өзі туралы мәліметтердің бар-жоғын тексере алады.
Бұл өте маңызды. Сондықтан әр азамат сайлау күніне дейін өз деректерін тексеріп, қай учаскеде дауыс беретінін анықтап алғаны жөн. Егер қандай да бір сәйкессіздік немесе сұрақ туындаса, тиісті сайлау комиссиясына алдын ала жүгінуге болады.
– Сайлау науқаны кезінде азаматтар қандай мәселелерге ерекше назар аударғаны дұрыс?
– Ең алдымен, әр азамат өзінің сайлау құқығын жауапкершілікпен пайдалануы қажет деп есептеймін. Сайлау – азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуының маңызды тетік-терінің бірі. Сондықтан дауыс беруге қатысты қажетті ақпаратты алдын ала білген дұрыс.
Бүгінде сайлаушылар үшін қажетті ақпаратты алу мүмкіндігі жеткілікті. Сайлау учаскесін онлайн анықтауға, сайлаушылар тізіміндегі деректерді тексеруге, дауыс беру тәртібімен та-нысуға болады. Сондықтан азаматтарды осы мүмкіндіктерді пайдаланып, сайлауға алдын ала дайындалуға шақырамыз.
Біздің басты міндетіміз – сайлау процесінің заң талаптарына сәйкес, ашық әрі ұйымдасқан түрде өтуін қамтамасыз ету және әрбір азаматтың өз конституциялық құқығын еркін жүзеге асыруына қажетті жағдай жасау.
– Әңгімеміздің соңында Кентау қаласының сайлаушыларына айтар тілегіңіз қандай?
– 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Сондықтан әр азамат бұл науқанға жауапкершілікпен қарап, өз таңдауын жасауға белсенді қатысқаны жөн.
Сайлаушыларды дауыс беру күнін күтпей, өздерінің сайлау учаскесін алдын ала анықтап, сайлаушылар тізіміндегі деректерін тексеруге шақырамын.
Қандай да бір сұрақ туындаған жағ-дайда учаскелік немесе аумақтық сайлау комиссияларына жүгінуге болады.
Ең бастысы – әр азамат өзінің сайлау құқығын пайдаланып, ел болашағына қатысты өз ұстанымын білдірсе дейміз.
Белсенді азаматтық ұстаным – қо-ғамның дамуына қосылған маңызды үлес. Сондықтан Кентау қаласының тұрғындарын 23 тамыз күні сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауын жас-ауға шақырамын.
— Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Р.НАРБЕК



