gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауранда ғарышкер киіміндегі азамат дауыс берді

23 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сауранда ғарышкер киіміндегі азамат дауыс берді
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында Құрылтай сайлауы әр өңірде өзіндік ерекшелігімен өтіп жатыр. Бір жерде ұлттық дәстүр дәріптелсе, енді бір жерде түрлі мамандық иелері ел үшін маңызды науқанға белсенді қатысуда. Сауран ауданындағы №68 сайлау учаскесіне ғарышкердің арнайы киімін киген азамат келіп, өз таңдауын жасады. Ерекше образымен келген тұрғын көпшіліктің назарын аударып, сайлау күнінің есте қаларлық сәттерінің біріне айналды.Ғарышкер киімі — елдің ғылымға, жаңа технологияларға және болашаққа ұмтылысын бейнелейтін символдық көрініс болды. Азаматтың ерекше киіммен келуі сайлау барысына өзіндік сипат берді.
Ал Мақтаарал ауданында ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін 10 тракторшы бірге келіп, Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасады. Күнделікті жұмысын егістік алқаптарында атқарып, жердің берекесін арттыруға үлес қосып жүрген механизаторлар үшін ауылдың тыныштығы мен елдің тұрақтылығы маңызды. Олар жұмысын уақытша тоқтатып, азаматтық міндетін орындауға уақыт тапты.
«Жер мен елдің берекесі де еңбекпен келеді. Егістікте жұмыс істеп жүрсек те, елдің ертеңіне қатысты маңызды мәселелерден тыс қалмаймыз. Бүгін он азамат бірге келіп, өз таңдауымызды жасадық. Ел аман, жеріміз тыныш болсын. Құрылтай халықтың мұң-мұқтажын ескеріп, елдің игілігіне қызмет етсін деген тілегіміз бар», – деді тракторшылардың бірі.
Айта кетейік, Сауран ауданында 42 сайлау учаскесі жұмыс істейді, аудан бойынша 53 310 сайлаушы дауыс беру құқығына ие. Ал Мақтаарал ауданында 62 сайлау учаскесі бар. Оның 59-ы ашық, 3-еуі жабық, аудан бойынша 69 167 сайлаушы тіркелген.
Previous Post

Социалистік еңбек ері Төле Ағабеков еліміз үшін маңызды сайлауда өз таңдауын жасады

Next Post

Түркістанда Алтын адам бейнесіндегі азамат дауыс берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz