Түркістан облысы Полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімінің Жедел басқару орталығы тәулік бойы аудан аумағындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жедел ахуалға үздіксіз мониторинг жүргізуде.
Соңғы бір айдың ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 870 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, құқықбұзушыларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданды. Сонымен қатар бейнебақылау жүйесінің мүмкіндіктерінің арқасында аталған кезеңде екі қылмыс жедел ашылды.
Мысалы, Жетісай ауданында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, көлік құралын мас күйінде басқарған жүргізуші бейнебақылау камералары арқылы анықталды. Нәтижесінде құқықбұзушы заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, Жетісай аудандық полиция бөлімі Жедел басқару орталығының қызметкерлері қоғамдық орындардағы ахуалды тәулік бойы бақылап, құқықбұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.



