gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ЖАСТАР АРАСЫНДА «QAZAQSTAN KUBOGY» ХОККЕЙ ДОДАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

28 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ЖАСТАР АРАСЫНДА «QAZAQSTAN KUBOGY» ХОККЕЙ ДОДАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында жастар арасындағы QAZAQSTAN KUBOGY хоккей турнирінің топтық кезеңі өтіп жатыр.

Биылғы турнирге еліміздің әр өңірінен 13 команда қатысып, олар үш топқа бөлінген. Кубок ойындары Павлодар, Теміртау және Түркістан қалаларында ұйымдастырылуда.

Түркістан қаласы турнирдің С тобын қабылдап отыр. Бұл топта төрт команда — «Торпедо» (Өскемен), «Құлагер» (Петропавл), «Алматы» және «Turan Tigers» (Түркістан) бақ сынауда.

Түркістандағы топтық кезең аясындағы алғашқы ойындар бүгін, 27 тамызда, «Торпедо» — «Құлагер» кездесуімен басталды. Ал кешкі 19:00-де мұз айдынына алаң иелері — «Turan Tigers» командасы мен «Алматы» командасымен кездесті. Тартысты кездесуге Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, спортшыларға қолдау білдірді.

Бұл кездесу Түркістандық жанкүйерлер үшін ерекше маңызға ие. «Turan Tigers» командасы өз алаңында өнер көрсетіп, Қазақстанның жастар арасындағы ең беделді кубоктарының бірі үшін күресін бастайды.

Турнирдің Түркістандағы келесі ойындары да «Түркістан Мұз Сарайында» өтеді. 28 тамызда «Turan Tigers» «Торпедомен» кездессе, 30 тамызда түркістандықтар «Құлагерге» қарсы соңғы топтық ойынын өткізеді.

Алдын ала кезеңнің қорытындысы бойынша үздік командалар турнирдің шешуші кезеңіне жолдама алады. Жартылай финалдар мен финал 2–3 қыркүйекте Теміртау қаласында өтеді.

QAZAQSTAN KUBOGY — жас хоккейшілердің шеберлігін шыңдап, еліміздің әр өңіріндегі хоккей мектептерін бір алаңда тоғыстыратын маңызды спорттық дода.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ АРҚЫЛЫ 870 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

Next Post

СОЗАҚТА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz