gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Нұралхан Көшеров Созақ ауданының тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады

17 сентября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Нұралхан Көшеров Созақ ауданының тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Созақ ауданының тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Ашық форматта өткен кездесуде ауданның әлеуетін арттыру, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, Созақ ауданының экономикалық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті.
– Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, облыс әкімдеріне барлық аудандардың тұрғындарымен кездесіп, мәселелерді ашық диалог алаңында шешу тапсырылған болатын. Осыған сәйкес, бүгін қазыналы қарт Қаратаудың етегінде орналасқан, жер асты пайдалы қазбаларға бай, уран өндірісі бойынша көш бастап тұрған Созақ өңірінің тұрғындарымен жүздесіп отырмыз. Созақ ауданының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң өсім байқалады. 2026 жылдың 7 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 705,3 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,7 пайызға артты. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 662,5 млрд теңгеге жетіп, 18,1 пайызға өсті. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өнімі 241,2 млрд теңгені құрап, 13,7 пайызға артты. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 193,1 млрд теңгеге жетіп, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 41 пайызға өсті. Бұл – ауданның экономикалық әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Алайда қазба байлықтары бойынша ең бай, экономикалық мүмкіндігі мол ауданның даму көрсеткіштері бұдан да жақсы болуға тиіс. Сондықтан алдағы уақытта инвестиция тарту, жаңа жобаларды іске асыру, жұмыс орындарын көбейту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту қажет, – деді Нұралхан Көшеров.
Облыс әкімі Созақ ауданында атқарылған инфрақұрылымдық жұмыстарға да тоқталды. 2025 барлық ауылдық округтер мен кенттер жарықтандырылды. Созақ, Қаратау және Шақырық елді мекендеріндегі ауызсу жүйелерін қайта құру жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Ал аудан орталығындағы Жібек жолы және С.Қожанов көшелерін абаттандыруға қаржы бағытталды.
Биыл қаңтар айында Шолаққорған ауылындағы орталық кітапхана ғимараты пайдалануға берілді. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында құны 1,9 млрд теңгені құрайтын заманауи спорттық-сауықтыру кешені тапсырылды.
Кездесуде облыс әкімі Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының маңызын атап өтті.
Тұрғындарды және кәсіпкерлік нысандардың іргелес аумақтарын абаттандыруға ынталандыру мақсатында 2024 жылдан бері «Үлгілі ауыл» облыстық конкурсы ұйымдастырылып келеді. Соңғы екі жылда Созақ ауданынан Жартытөбе және Жуантөбе ауылдары жүлдегерлер қатарынан көрінді. 2024 жылғы байқауда 3-орын алған Жартытөбе ауылында 26 млн теңгеге street workout балалар алаңы пайдалануға берілді. Ал 2025 жылғы байқауда 3-орын иеленген Жуантөбе ауылында құны 100 млн теңге болатын спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Нысанды биыл аяқтау жоспарланған.
Былтыр облыс әкімінің Созақ ауданы тұрғындарымен кездесуінде көтерілген 7 мәселені шешу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген. Бүгінде оның 6-ауы толық орындалды, 1 мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Кездесуде тұрғындар ауылдарды абаттандыру, инфрақұрылым және өзге де бағыттар бойынша сұрақтарын қойып, өтініштерін жеткізді. Нұралхан Көшеров әрбір мәселені мұқият тыңдап, жауапты басқарма басшылары мен аудан әкімдігіне нақты тапсырмалар берді. Көтерілген мәселелердің орындалуын бақылауда ұстайтынын жеткізді.
Одан кейін облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындар баспана, инфрақұрылым, жер телімдері, әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке қатысты өтініштерін жеткізді. Әрбір мәселе бақылауға алынып, тиісті жұмыстар жүреді.
Tags: СозақТүркістанТүркістан облысыӘкім
Previous Post

Созақтағы цех жергілікті кәсіпорындарды арнайы киім мен қолғаппен қамтуға кірісті

Next Post

Түркістанда Шымкент пен Түркістан облысының ақын-жазушылары бас қосты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz