gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда Шымкент пен Түркістан облысының ақын-жазушылары бас қосты

17 сентября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда Шымкент пен Түркістан облысының ақын-жазушылары бас қосты
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Жыл қорытындысы 2026: Шымкент–Түркістан қаламдастар қауышуы» атты әдеби-мәдени кеш өтті. Кештің ашылуында Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Бақытжан Садықов сөз сөйлеп, әдебиетті дамыту мен қаламгерлер шығармашылығын қолдаудың маңызына тоқталды. Әдебиеттің дамуына және руханият саласының өркендеуіне үлес қосып жүрген бірқатар қаламгерге құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.
Басқосуда Шымкент қаласы мен Түркістан облысының ақын-жазушылары жүздесіп, өңірдегі әдеби үдеріс, шығармашылық жетістіктер және алдағы міндеттер төңірегінде ой бөлісті. Сонымен қатар Қазақстан Жазушылар одағы мен «Фараб» кітапханасының жыл көлемінде атқарған бірлескен жұмыстары қорытындыланды.
Кеш барысында Түркістан өңірінің әдеби-мәдени өмірі мен қаламгерлердің шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетіліп, әдеби-сазды композиция ұсынылды.
Бағдарлама аясында екі өңір ақындарын шығармашылық арнада тоғыстырған «Ақындар аялдамасы» атты поэтикалық батл ұйымдастырылды. Ақындар ұсынылған тақырыптарға жыр арнап, шығармашылық шеберліктерін ортаға салды. Кеш барысында белгілі қаламгерлер сөз сөйлеп, әдебиет төңірегіндегі ой-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ көрермендер ақын-жазушыларға сауал қойып, еркін пікір алмасты.
Previous Post

Нұралхан Көшеров Созақ ауданының тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz