Түркістан облысының полицейлері бір нүктелік рейдтік іс-шара барысында «Қорғау» ақпараттық жүйесі арқылы берешегі бар автокөліктерді анықтады.
Рейд барысында Төлеби ауданының тәртіп сақшыларымен жалпы сомасы 7 млн теңгеге жуық берешегі бар «Chevrolet Monza» автокөлігі анықталды. Оның шамамен 5 млн теңгесі алимент бойынша берешек екені белгілі болды.
Сонымен қатар жол ережесін 8 рет бұзған «Mercedes-Benz» автокөлігінің жүргізушісі тоқтатылды. Оның маневр жасау кезінде жол қозғалысы талаптарын бұзғаны үшін 500 мың теңгеден астам қарызы болған.
Көліктер арнайы айыптұраққа қойылды.
«Қорғау» ақпараттық жүйесі полиция қызметкерлеріне берешегі бар және құқық бұзушылық жасауға бейім жүргізушілерді жедел анықтап, тиісті шара қабылдауға мүмкіндік береді.
Полиция азаматтарды өздеріне қатысты берешектерді уақытылы өтеуге және жол қозғалысы талаптарын қатаң сақтауға шақырады.



