gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Қазақстан халқына» қоры Түркістан облысындағы жаңа буынды дамыту орталықтарын жабдықтауға қолдау көрсетеді

22 сентября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Қазақстан халқына» қоры Түркістан облысындағы жаңа буынды дамыту орталықтарын жабдықтауға қолдау көрсетеді
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының өкілдерімен Zoom форматында кездесу өткізіп, өңірде жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаларды талқылады. Кездесу барысында ауыл балаларының қосымша білім алуы мен заманауи білім беру инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды.
– Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев адами капиталды дамыту мен жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасауды басты басымдық ретінде айқындап келеді. Бүгін сіздердің қарауларыңызға ұсынылып отырған «Жасампаз ұрпақ»: Түркістан облысындағы қосымша білім беруді дамыту» жобасы – Президентіміздің осы стратегиялық бағытымен үндесетін бірегей бастама», – деді Нұралхан Көшеров.
Өңір басшысы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына білім беру саласына, әсіресе ауыл балаларының сапалы әрі заманауи білім алуына көрсетіп отырған қолдауы үшін Түркістан облысының халқы атынан ризашылығын білдірді.
Жоба аясында облыста салынатын Жаңа буынды дамыту орталықтарын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге «Қазақстан халқына» қоры тарапынан қаражат бөлу көзделіп отыр.
Түркістан облысы демографиялық өсімі жоғары, бала саны көп өңір. Облыс халқының шамамен 38 пайызын балалар құрайды, ал тұрғындардың 75 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Осыған байланысты ауыл балаларының қосымша білімге, заманауи шығармашылық үйірмелер мен жаңа технологияларды меңгеруге қолжетімділігін арттыру маңызды.
Бұл бағытта облыс әкімдігі де жүйелі жұмыс жүргізуде. Жергілікті бюджет есебінен Сарыағаш пен Жетісай аудандарында 600 орындық, Мақтаарал мен Келес аудандарында 300 орындық төрт Жаңа буынды дамыту орталығы салынуда. Нысандардың құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Бану Нұрғазиева мен кеңес мүшелері бастамаға қолдау көрсетіп, өңірдің адами капиталын дамытуға бағытталған жұмыстар өз жемісін беретініне сенім білдірді.
Previous Post

Түркістан облысында бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтарды анықтауға көмектеседі

Next Post

Оксфорд университетінің студенттері қазақ тілін үйрену үшін Түркістанға келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz