Отырар аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының бастығы полиция майоры Мурат Алимкуловтың қызметтік күні жауапкершілік пен қырағылықты талап ететін міндеттерден басталады. Ол күн сайын изолятордағы қызметтік тәртіптің сақталуын, камералар мен бейнебақылау жүйесінің жұмысын, сондай-ақ жеке құрамның қызмет атқаруын тексереді.
Изоляторға жаңадан жеткізілген азаматтарды қабылдау кезінде құжаттардың дұрыстығы мен белгіленген рәсімдердің сақталуына бақылау жасалады. Ұсталған адамдардың қауіпсіздігі, санитарлық жағдайы, күн тәртібі мен медициналық көмекке қолжетімділігі де тұрақты назарда.
Тәулік бойы қызметкерлерге қауіпсіздік шараларын сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту және ұсталған азаматтармен заң талаптарына сай қарым-қатынас жасау жөнінде нұсқаулықтар беріп, олардың орындалуын бақылайды.
Уақытша ұстау изоляторындағы қызметтің басты талабы – заңдылықты, тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы күнделікті жұмыс полиция қызметкерлерінен жоғары жауапкершілік пен кәсіби біліктілікті талап етеді.



