gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Түркістан облысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары назарға алынды

20 ноября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Түркістан облысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары назарға алынды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мемлекеттік органдар жұмысының басты қағидаларының біріне айналды. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – азаматтардың талап-тілегіне құлақ асып, өтініштері мен ұсыныстарын ескеру, халық пен билік арасындағы ашық әрі тиімді диалогты қалыптастыру. Осы бағытта Түркістан облысында тұрғындардың мәселелерін тыңдау, өтініштерін заң аясында қарау және олардың оң шешілуіне ықпал ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Осыған орай Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бекітілген кестеге сәйкес өңір тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдауға бірқатар аудан мен қаладан келген азаматтар қатысып, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Жиынға тиісті басқармалардың басшылары мен өтініш иелері тұратын аудан, қалалардың жауапты өкілдері де қатысты.

Кездесу барысында тұрғындар мәдениет үйлерінің жай-күйі, мектептердің жылу жүйесін реттеу, қоғам қайраткерінің есімін көшеге беру, музейде арнайы бұрыш ашу мәселелерін көтерді. Сонымен қатар білім және мәдениет салаларына қатысты бірқатар ұсыныс-пікірлерін білдіріп, өз өтініштерінің шешілуіне ықпал етуді сұрады.

Облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берді. Кейбір мәселелерді шешу жолдарын нақтылау үшін жауапты басқарма басшыларына тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ өтініштерді қарау барысында заң талаптары мен қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің сақталуы қажеттігін атап өтті.

Қабылдауға келген өзге де азаматтар инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және күнделікті тұрмысқа қатысты мәселелерін жеткізді. Олардың әрқайсысына құзырлы органдардың өкілдері тарапынан тиісті жауаптар беріліп, қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді. Көтерілген мәселелердің орындалуын бақылау мақсатында тиісті хаттамалар толтырылды.

— Жеке қабылдаудың басты мақсаты – тұрғындардың мәселелерін тыңдап қана қоймай, олардың шешілуіне нақты ықпал ету. Сондықтан әрбір өтініштің мазмұнына қарай тиісті сала мамандарының қатысуымен қаралып, заң аясында шешім қабылдануына басымдық беріледі. Мұндай кездесулер халық пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара сенімді нығайтып, азаматтардың талап-тілегін тікелей жеткізуіне мүмкіндік береді, — дейді қабылдауды ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі мен оның орынбасарлары тұрғындарды жеке қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізіп келеді. Азаматтар қабылдауға Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі арқылы жазыла алады. Сонымен қатар eGov.kz порталы, «Е-Өтініш» бірыңғай платформасы арқылы немесе Азаматтарды қабылдау орталығына барып, жазбаша өтініш беру жолымен өтініш білдіруге болады.

Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Төлеби ауданында тазалық пен көгалдандыруға ерекше мән берілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz