gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Түркістан облысының Созақ ауданында өткен жылдан бері 135 отбасы баспаналы болды

21 ноября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Түркістан облысының Созақ ауданында өткен жылдан бері 135 отбасы баспаналы болды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту, халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету және өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне басымдық беріп келеді. Президент атап өткендей, елдің өркендеуі ең алдымен халықтың әл-ауқатының артуымен, әрбір азаматтың жайлы өмір сүруіне қажетті жағдайдың жасалуымен өлшенеді. Осы орайда тұрғын үй құрылысын дамыту, жеке инвестиция тарту және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың баспана мәселесін шешу – жергілікті атқарушы органдардың маңызды міндеттерінің бірі.

Бұл бағытта Түркістан облысының Созақ ауданында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Тұрғын үй құрылысына жеке инвесторлар мен кәсіпорындардың қолдауын тарту арқылы баспана қорын ұлғайтуға басымдық берілген. Бүгін аудан орталығындағы Жеткіншек мөлтек ауданында тағы 17 отбасы жаңа пәтердің кілтін алып, көптен күткен қуанышқа кенелді. Салтанатты шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, аудан тұрғындары, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен жаңа баспана иелері қатысты.

Шара барысында аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы жаңа қоныс иелерін құттықтап, баспаналы болудың әрбір отбасы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Сонымен қатар ауданда тұрғын үй құрылысын дамыту, халықтың баспанаға қолжетімділігін арттыру және осы бағыттағы инвестициялық жобаларды қолдау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Өз кезегінде жаңа пәтер иелері мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау мен жасалған мүмкіндікке ризашылықтарын білдіріп, қуанышты сәттерімен бөлісті. Жаңа баспананың кілтін алу әр отбасы үшін жаңа өмірдің бастауы, болашаққа деген сенімнің нығаюы екені сөзсіз.

Айта кетейік, Созақ ауданында соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді. Аудан орталығындағы Жеткіншек мөлтек ауданында 2025 жылдың басынан бері 118 пәтер пайдалануға берілген. Оның 102-сі жеке инвесторлардың қаражаты есебінен салынса, 16 пәтер «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның еншілес ұйымдары – «КАТКО» БК ЖШС мен «Қазатомпром-Сауран» қолдауымен бой көтерген. Ал бүгін пайдалануға берілген 17 пәтер де инвесторлардың қаржысына салынған.

Осылайша, өткен жылдан бері ауданда баспаналы болған отбасылар саны 135-ке жетті. Бұл көрсеткіш тұрғын үй мәселесін шешуде жеке сектордың да белсенділік танытып отырғанын аңғартады. Әсіресе, кәсіпорындар мен инвесторлардың әлеуметтік маңызы бар жобаларға қолдау көрсетуі ауданның инфрақұрылымдық дамуына оң ықпал етуде.

Алдағы уақытта тағы 4 пәтер пайдалануға берілмек. Қазіргі таңда аталған баспаналарды құжаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қажетті рәсімдер толық аяқталғаннан кейін пәтерлер өз иелеріне табысталатын болады. Бұдан бөлек, тағы 20 пәтердің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл да жақын кезеңде тұрғын үй қорын толықтырып, баспанаға мұқтаж отбасылардың мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның еншілес ұйымдарының демеушілігімен жаңғырту бағдарламасы аясында 16 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Аталған бастама кәсіпорындардың әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп қана қоймай, аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып саналады.

Жалпы, Созақ ауданында тұрғын үй құрылысын жандандыру, инвестициялық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және халықты баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жаңа үйлердің бой көтеруі ауданның сәулеттік келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын нығайтуға, отбасылардың тұрақты өмір сүруіне және елді мекендердің дамуына серпін береді.

Previous Post

Түркістандық спортшылар биыл 361 медаль жеңіп алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz