gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда жолдаудың негізгі бағыттары түсіндірілді

20 ноября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда жолдаудың негізгі бағыттары түсіндірілді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басым бағыттарды халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Жолдауда еліміздің алдағы даму кезеңіне арналған маңызды міндеттер айқындалып, экономиканы жаңғырту, қоғамдық институттарды жетілдіру, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берілген. Осы мақсатта Кентау қаласында Жолдаудың негізгі бағыттары мен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын насихаттауға арналған кездесу өтті.

Жиынға облыстық ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің доценті, PhD докторы Ермек Төленұлы Бекбосынов, Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Құрмет Балқыбекұлы Керімбеков, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің аға ғылыми қызметкері Ғани Назарбек қатысты. Сондай-ақ басқосуға зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, ауыл әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары және сала қызметкерлері жиналды.

Жиынды Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы жүргізді. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген мәселелерге тоқталып, құжатта белгіленген міндеттерді жүзеге асырудың ел дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар Жолдауда айтылған бастамаларды тек мемлекеттік органдардың жұмысы ретінде қарастырмай, оны іске асыруға қоғамның барлық өкілі атсалысуы қажеттігін жеткізді. Әрбір салада жауапкершілік пен нәтижелілікке басымдық беру елдің ортақ мақсатына айналуы тиіс екеніне назар аударды.

Кездесу барысында Жолдауда айқындалған ел дамуының басым бағыттары, жаңа тарихи кезеңдегі міндеттер, қоғамдық-саяси жаңғыру, экономикалық даму, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және қоғамда жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері құжатта белгіленген міндеттердің мән-маңызын түсіндіріп, олардың күнделікті өмірмен және өңірлердің дамуымен байланысына тоқталды.

Спикерлер елдің тұрақты дамуы экономикалық көрсеткіштермен ғана өлшенбейтінін, сонымен бірге қоғамдық келісім, заңға құрмет, азаматтық белсенділік және ортақ жауапкершілік сияқты құндылықтардың да маңызды екенін атап өтті. Әрбір азаматтың өз жұмысына адал қарап, қоғамдық тәртіпті сақтап, ел игілігіне бағытталған бастамаларға қолдау көрсетуі қоғамның дамуына оң ықпал етеді. Осы ретте мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын тұрғындарға түсінікті тілде жеткізіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдаудың маңызы айтылды.

Жиында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасына да ерекше назар аударылды. Спикерлер қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне тоқталды. Табиғатты аялау, су мен жер ресурстарына ұқыпты қарау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастау, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау әрбір тұрғынның күнделікті дағдысына айналуы керектігі айтылды.

Сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмыстары тек тазалық акциялары мен сенбіліктер өткізумен шектелмеуі тиіс екені атап өтілді. Оның негізі – әр адамның қоршаған ортаға деген көзқарасы мен жауапкершілігінде. Әсіресе жас ұрпаққа табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру, оларды туған жерге жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Бұл бағытта білім беру ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік мекемелер мен тұрғындар арасындағы өзара байланысты нығайту қажеттігі сөз болды.

Кездесу барысында қатысушыларға аталған бастамалардың мәні мен маңызы түсіндіріліп, тұрғындарды абаттандыру және тазалық жұмыстарына белсенді қатысуға, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуға шақырды. Туған өлкенің тазалығы мен көркеюі тек мемлекеттік мекемелердің міндеті емес, барша қоғамға ортақ жауапкершілік екені айтылды.

Шара соңында қатысушылар баяндамашыларға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Пікір алмасу барысында Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру, экологиялық мәдениетті дамыту және қоғамдық белсенділікті арттыру мәселелері қозғалды.

Previous Post

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Түркістан облысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары назарға алынды

Next Post

Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысындағы ірі энергетикалық нысанды уақтылы пайдалануға беруді тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz