gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Түркістанда 80 орындық жаңа перзентхана пайдалануға беріледі

24 ноября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Түркістанда 80 орындық жаңа перзентхана пайдалануға беріледі
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру, медициналық қызмет сапасын жақсарту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне басымдық берді. Әсіресе азаматтардың сапалы медициналық көмекке қол жеткізуі, ана мен бала денсаулығын қорғау – мемлекет алдындағы маңызды міндеттердің бірі.
Осы бағытта Түркістан облысында денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Облыс орталығында салынып жатқан 80 орындық №3 перинаталдық орталықтың жаңа ғимараты желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Заманауи талаптарға сай бой көтерген медициналық кешен өңірдегі перинаталдық қызметтің мүмкіндігін кеңейтіп, жүкті әйелдерге, босанатын аналар мен жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Маңызды әлеуметтік жоба Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастық аясында «Абу-Даби» даму қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда. Бұл – халықаралық әріптестіктің нәтижесінде өңірдің денсаулық сақтау жүйесіне қосылған елеулі үлес.
Төрт бөліктен тұратын медициналық кешенде науқастарға қажетті барлық жағдай қарастырылған. Атап айтқанда, жүктілік патологиясы, босанғаннан кейінгі бөлімдер, босану және операция залдары, реанимация мен қарқынды терапия бөлімшелері орналасады. Сонымен қатар шала туған нәрестелерді күтуге және олардың денсаулығын бақылауға арналған арнайы орындар жабдықталады.
Қазіргі таңда нысандағы құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталған. Медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету екі кезең бойынша жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін қажетті құрал-жабдықтардың 75 пайызы жеткізілген. Қалған жабдықтарды орналастыру және нысанды іске қосуға қажетті дайындық жұмыстары жалғасуда.
Жаңа перинаталдық орталықтың ашылуы өңір тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттырумен қатар, денсаулық сақтау саласындағы кадрлық әлеуетті нығайтуға да ықпал етеді. Нысан толық іске қосылған кезде 70 жаңа жұмыс орны ашылады.

Previous Post

Адал азамат: Түркістанда «Ұлттық рух – басты құндылық» атты кітаптың таныстырылымы өтті

Next Post

Таза Қазақстан: Келесте 50 мың түп ағаш отырғызылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz

imunify-bot-check