gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Бәйдібекте ауылдардың даму бағыты тұрғындармен бірге талқыланды

24 ноября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Бәйдібекте ауылдардың даму бағыты тұрғындармен бірге талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында ауылдық аумақтарды дамыту, өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және азаматтардың өтініш-тілектеріне жедел ден қою мәселелеріне айрықша мән беріп келеді. Президент көтерген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы да жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді тұрғындармен ашық талқылап, олардың шешілуіне нақты ықпал етуді көздейді.

Осы міндеттерді жүзеге асыру, елді мекендердің даму барысын саралау және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатында Бәйдібек ауданында аудан әкімінің халықпен кездесулері басталды. Алғашқы басқосулар Борлысай, Көктерек және Алмалы ауылдық округтерінде өтіп, әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылым, абаттандыру, кәсіпкерлікті қолдау және бұқаралық спортты дамыту мәселелері талқыланды.

Аудан әкімі Ұласбек Сәдібековтің алғашқы кездесуі Қошқарата елді мекенінде Борлысай ауылдық округінің тұрғындарымен өтті. Жиында аудан басшысы Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген басым бағыттарға тоқталып, ауданда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерді баяндады. Сонымен қатар Борлысай ауылдық округінің әкімі Ғалым Шәбдезім округ аумағында жүзеге асырылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде есеп берді.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Тұрғындармен ашық пікір алмасу кезінде айтылған әрбір өтініш назарға алынып, шешуді қажет ететін мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Аудан әкімі көтерілген мәселелердің орындалу мүмкіндіктерін қарастырып, олардың шешілуіне жауапкершілікпен қарау қажеттігін атап өтті.

Аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі Көктерек ауылдық округінде жалғасты. Мұнда округке қарасты елді мекендердің әлеуметтік жағдайы, инфрақұрылымды жетілдіру, қоғамдық орындарды абаттандыру және бұқаралық спортты дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Кездесуде тұрғындар тарапынан үш елді мекенге ортақ спорт кешенін салу жөнінде ұсыныс айтылды.

Аудан басшысы ауыл тұрғындарының бұл бастамасын назарға алып, мәселенің өзектілігін ескере отырып, тиісті сала басшыларына зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Себебі ауылдық жерлерде спорт нысандарының қолжетімді болуы, әсіресе жастар мен балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ал Алмалы ауылдық округіндегі кездесуде халықтың әл-ауқатын арттыру, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу бағыттары басты назарға алынды. Басқосуға округке қарасты елді мекендердің тұрғындары, аудандық дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.

Жиында аудан әкімі округтің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетіне тоқталып, ауылдық аумақтардың өркендеуі үшін жергілікті мүмкіндіктерді тиімді пайдалану қажеттігін айтты. Әсіресе кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және тұрақты жұмыс орындарын көбейту арқылы тұрғындардың табысын арттыру маңызды екенін жеткізді.

Сонымен қатар аудан басшысы ауылдық округ әкімдігіне елді мекендерді абаттандыру, көшелердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу, кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Үш ауылдық округтегі кездесулерде де «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасының маңызына ерекше назар аударылды. Аудан әкімі қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау және қоғамдық орындарды күтіп ұстау тек жауапты мекемелердің ғана емес, барша тұрғынның ортақ міндеті екенін атап өтті. Осы ретте ауыл тұрғындарын тазалық пен абаттандыру шараларына белсенді қатысып, туған жердің көркеюіне үлес қосуға шақырды.

Жалпы, кездесулер барысында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен өтініштер назарға алынып, бірқатар мәселе бойынша жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

— Мұндай басқосулар жергілікті жерлердегі ахуалды зерделеуге, халықтың талап-тілегін тікелей тыңдауға және мәселелердің шешілу жолдарын бірлесе қарастыруға мүмкіндік береді. Аудан әкімінің тұрғындармен кездесулері алдағы уақытта басқа да ауылдық округтерде жалғасады. Басты міндет – әрбір елді мекеннің даму қарқынын арттыру, тұрғындарды толғандырған мәселелерді кезең-кезеңімен шешу және ауылдардың әлеуметтік әлеуетін нығайту, — делінген аудан әкімдігі таратқан ақпаратта.

Previous Post

Заң мен тәртіп: Түркістанда есірткісіз өмірді насихаттаған байқау жеңімпаздары марапатталды

Next Post

Адал азамат: Түркістанда «Ұлттық рух – басты құндылық» атты кітаптың таныстырылымы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz

imunify-bot-check