gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында жылыту маусымында профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр

25 ноября, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында жылыту маусымында профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындар арасында көміртегі тотығынан улану жағдайларының алдын алу бағытында кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығының орынбасары Әбдіислам Әбдіқадіров мәлімдеді.
«2026 жылдың басынан бері облыс аумағында 370 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға аз. Алайда өрт салдарынан 7 адам қаза тауып, тағы 7 тұрғын жарақат алған. Жылыту маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік осал топқа жататын 27 294 тұрғын үй есепке алынды. Жүргізілген профилактикалық тексерулер нәтижесінде 23 580 қауіпсіздік талаптарының бұзылуы анықталып, оның 15 780-і жойылды. Негізгі кемшіліктер электр жабдықтарын пайдалану, пештер мен мұржаларды күтіп ұстау және газ жабдықтарын орнату талаптарына қатысты. Тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру үшін әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйлеріне өрт пен улы газды анықтайтын 12 590 дабылқаққыш орнатылған. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар мен демеушілердің қолдауымен қосымша 5 мыңнан астам газ сигнализаторы мен көміртегі тотығын анықтайтын дабылқаққыш қойылды. Әлеуметтік осал отбасыларға қолдау көрсету мақсатында мұржаларды тазалау, жылыту пештерін жөндеу және электр сымдарын ауыстыру бағытында «Көмек қолы» атты 32 акция өткізілді» — деді спикер.
Previous Post

Жолдау жүктеген міндет: Кентаулық кәсіпкер жылына 20 тоннадан астам қырыққабат өндіреді

Next Post

Президент тапсырмасы: Түркістан облысында жаңғыртудан өткен «Жібек жолы» кеден бекеті ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz

imunify-bot-check