gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Көл-көсір пайдаға кенеліп отыр

Мал бордақылау сияқты шаруашылық жұмыстарды көбіне ер азаматтар атқарады. Бірақ, нәзікжанды әйел-аналардың арасында да осы кәсіпті меңгеріп, одан көл-көсір пайда тауып жүргендер бар.

20 октября, 2020
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласындағы Жүйнек ауылдық округінің тұрғыны Ұғылпатша Қаһарова бес жылдан бері жылқы бағып, оны семіртіп сатумен айналысып, келеді. Шаруа әйел кәсібін ең алдымен өз қаржысына алты жылқы сатып алып бастаған. Тынымсыз еңбек пен төгілген тердің арқасында бүгінде жылқысының санын қырық басқа жеткізіп отыр.

Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, іскер ана жылқыларды Қостанай облысынан алдыртады екен. Күтімі жақсы болса әр жылқы 250-350 келіге дейін ет береді. Асыл тұқымды жылқылар ерекше күтімді керек ететіндіктен Ұ.Қаһарова тәулігіне 7-8 сағат уақытын Қамбар ата түлігінің қасында өткізеді.

Ұғылпатша ананың балалары да отбасылық кәсіптен сырт қалмаған. Аналарына қолғабыс болып, жылқы асыраудың қыр-сырын меңгеріп жүрген жайлары бар. Тіпті, Ұғылпатша ананың үлкен ұлы ветеринар мамандығын оқып, жылқыларға күтімді өзі жасап жүр.

Иә, жылқы етіне сұраныс қай кезде де азайған емес. Осыны жақсы білетін еңбеккер ана өзінің тұрақты тұтынушылары бар екенін айтады. Оған саумал өндіру жайлы ұсыныс айтып жүргендер де көп екен. Алдағы уақытта Ұ.Қаһарова апа бұл ұсынысты да жүзеге асыруды жоспарлап жасап жүр.

Previous Post

Алғашқы дәнекерлеуші-робот

Next Post

Шұлық шығаруды қолға алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz