gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шұлық шығаруды қолға алды

Кентау қаласының тұрғыны Әлішер Ерметұлы Қарнақ ауылынан «QARNAQ TEXTILE» деп аталатын цехты іске қосты. Бүгінде кәсіпорын әртүрлі жыл мезгіліне арналған шұлықтың 20-ға жуық түрін дайындап, сатылымға шығаруда. Жақында ғана жұмысын бастаған цех әзірге күніне 200 дана шұлық шығарады.

20 октября, 2020
in Uncategorized
0
Шұлық шығаруды қолға алды
Share on FacebookShare on Twitter

Кәсіпкер мемлекеттік бағдарламаның көмегімен 4 млн. теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, сол қаржыға Қытай елінен соңғы үлгідегі шұлық дайындайтын құрылғы сатып алған. Қазіргі таңда ол дайын өнімді Кентау, Түркістан базарларына шығаруда.

Кәсіпкер нарықта тауарға деген сұраныстың жоғары екенін айтады. Ал, өнімге қажетті шикізат шет мемлекеттен тапсырыспен жеткізіледі екен. Алдағы уақытта цехты кеңейтіп, қажетті заттардың барлығын өздері дайындап шығаруды жоспарлап отыр.

Одан бөлек, цех басшысы жылыжай шаруашылығын да қолға алған. Кәсіпкер негізінен қияр және қызанақ егумен айналысады. Көктем айларында 20 тоннаға жуық қияр өндірген шаруа, күз мезгілінде де осы шамада қызанақ алуды жоспарлап отыр.

Previous Post

Көл-көсір пайдаға кенеліп отыр

Next Post

Бір жылда — миллиардер!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz