Бұдан былай, халық қала келбетінің өзгеруіне өз үлесін қоса алады. Ол үшін Түркістан облысының әкімдігінің ресми сайтындағы Кентау қаласының әкімшілік құрылымындағы «Халық қатысатын бюджет» бөліміне өз ұсынысын жолдауы қажет.
Порталға тіркелу арқылы тұрғындар өз аумақтарына қажет жобаны ұсынады. Бірақ, олардың ішіне мектеп, балабақша құрылысы кірмейді.
Әкімдік келесі санаттар бойынша жобалық ұсыныспен бірге Кентау қаласы тұрғындарының өтінімдерін қабылдауды жүзеге асырады:
1) аумақты көгалдандыру;
2) тротуарларды жайластыру;
3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
4) ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);
5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;
7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар,урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
8) аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.
Әкімдіктің жобалық ұсыныстарды қабылдау мерзімінің аяқталу қортындысы бойынша Әкімдіктің сараптамалық кеңесі он бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және әкімдіктің Ережесіне сәйкес әкімдік оларды іске асырудың орындылығы мен құзыреттілігі мәніне келіп түскен өтінімдерді талдауды және техникалық тексеруді жүзеге асырады.
Халық жобаны ұсынғаннан кейін оны арнайы комиссия мүшелері талқылайды. Және таңдау түскен жоба қайта сайтқа шығарылып, дауыс беру басталады. Айта кетейік, дауысты қала тұрғындары электронды түрде береді. Осылайша ең көп дауысқа ие болған жобаның құрылысы биылғы жылы басталады.
Қазіргі кезде аталған жоба бойынша Кентау қаласында үш ұсыныс түскен. Оның бірі С.Сейфуллин көшесіндегі шыршалардың түбіне жарықшамдар орнату. Яғни, түнгі мезгілде шыршалардың түбінен жанған жарық ағаштарды түрлі түсті етіп, сән береді.
Ал, екінші жоба М.Қаленов аллеясын көгалмен қоршау. Аллея жолдарының бойына жасыл желектер отырғызылса, көлікпен, төрт түліктің кіруіне тосқауыл қойылады.
Үшінші ұсыныста С.Қожанов саябағының ішіндегі Бокс мектебінің артына спортшылардың даңқ аллеясын жасау жобасы жолданыпты. Онда қала жастары жаттығатын алаңдар ашып, орындықтар орнату, жарықтандыру керектігін айтылған.
Құрметті қала тұрғындары!
Аталған үш жоба бойынша Сіздерді дауыс беруге шақырамыз!
Сондай-ақ, «Халық қатысатын бюджет» жобасы алдағы жылы да жалғасын табатын болады. Әкімдік ресми сайтта хабарландыру берілген кезде, өз ұсыныстарыңызды жолдап, қала келбетінің өзгеруіне өз үлесін қоса аласыз.
Қалалық тұрғын үй
коммуналдық шаруашылығы
және тұрғын үй инспекциясы бөлімі