gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бизнеске бет бұрушы жастар көбейіп келеді

23 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Бизнеске бет бұрушы жастар көбейіп келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекеттік бағдарлама аясында білімін жетілдіріп, жаңа кәсіп ашуға бет бұрғандар арасында сүт өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылығы, ветеринария, косметология салалары, дәнекерлеу қызметі, электромонтер, автомеханик, тігін шеберханасы, ағаш ұстасы, наубайхана, ара өсіру, құс шаруашылығы салалары аса сұранысқа ие. Бизнеске бет бұрғандардың таңдауы осы салаларға түсуде.

Түркістан облысында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру барысы қарқынды жүзеге асуда.
Атап айтқанда, Кентау қаласында «Бастау Бизнес» жобасына кәсіпкерлік негіздерінен оқыту курстарынан өткен табысы аз және көпбалалы отбасыларға, еңбекке қабілетті мүгедектерге және жастарға жаңа бизнес-идеяларын іске асыру бойынша 300 үміткерге қайтарымсыз грант беру жоспарланған.
Бұл ретте үміткерлер қатарынан атаулы әлеуметтік көмек алатын, табысы аз және көпбалалы отбасылардың мүшелері, сондай-ақ оралмандар мен қоныс аударушылар арасынан комиссия отырысына 840 үміткер өз кәсібін ашу мақсатында грант алуға ниет білдіріп, ережеге сай құжаттары ұсынылды. Ашық дауыс беру жолымен 300 үміткердің стартап бизнес жобасы оң шешімге ие болды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 66 жоба нақтыланып, 1463 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Басым бөлігі халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы орналастырылды.

Previous Post

Халық қала келбетінің өзгеруіне өз үлесін қоса алады

Next Post

Кентау қаласында 205 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz